Date of publication: 29.01.2022 16:14
Date of changing: 29.01.2022 18:20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті а.ж. 28 қаңтардағы жағдайы бойынша әкетуге тыйым салу күшіне енгенге дейін ресімделген картоп өнімі бар вагондардың Қазақстан Республикасы аумағынан Өзбекстан Республикасына шығарылғанын хабарлайды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында және Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясының 2021 жылғы 25 қарашадағы шешімі негізінде ҚР ауыл шаруашылығы мен қаржы Министрлерінің Қазақстан Республикасы аумағынан картоп және сәбізді әкетуге үш ай мерзіміне тыйым салуды енгізуді қарастыратын бірлескен бұйрығы қабылданғанын еске сала кетеміз (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36943118).