Жарияланған күні: 19.05.2020 16:25
Өзгертілген күні: 22.05.2020 18:03

"Мемлекеттік қызметтегі іскерлік коммуникация "

 

Бұл вебинар ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған. Сессияға қатысушылар бірлескен қызметтік іс-әрекеттердің нысандары және нормаларымен танысады, сенімді қарым-қатынасты құру тәсілдері мен тұлғааралық өзара іс-қимылды жетілдіру дағдыларын меңгереді.

Ұсынылған сессия мемлекеттік қызметкерлер арасындағы іскерлік қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілікті арттыруға бағытталған. Вербалды қарым-қатынастың психологиялық мәдениеті, вербалды емес қарым-қатынастың типтік сипаттамасы қарастырылады. Іскерлік коммуникация стиліне және мемлекеттік органдағы мінез-құлық стратегиясына ерекше назар аударылды.

Іскерлік коммуникация бірлескен қызмет барысында және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын әріптестердің арасындағы өзара байланыс ретінде қарастырылады.

Вебинарда іскерлік қарым-қатынаста байланыс орнату әдістемесі егжей-тегжейлі ашылады: дұрыс этикалық мінез-құлық адамгершілік пен эстетикалық талғамға негізделген ұйымдастырушылық мәдениетпен тығыз байланысты сезімталдық, қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық және түсіністік сияқты құндылықтар көрсетіледі.

"Мемлекеттік қызметтегі іскерлік коммуникация " тақырыбына сілтеме бойынша бейнесабақ