Жарияланған күні: 15.10.2021 17:41
Өзгертілген күні: 16.11.2021 12:27

 

Ағымдағы жылдың 11-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері үшін «Тараз-КРО» кеден бекетінде, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді.

         Курстың мақсаты ҚР ҚМ МКК қызметкерлерін сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға оқыту, «Simfox» симуляторы бағдарламасын қолдану арқылы қауіпті және тыйым салынған  заттарды табу, дағдыларын жақсарту және білімдерін жетілдіру болып табылады, сондай-ақ «Rapiscan», «Rapiscan DV», «Smith-Heimann» және «Heimann-container» атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы негізгі түсініктерімен танысты.

         Қатысушылар рентген-телевизиондық қондырғыларының негізгі ұғымымен танысты, радиацианың негізгі түсініктері, радиацианың және радиациялық бақылау түрлерін қарастырды. Тәжірибиелік мақсатта рентген қондырғылары жүкті және тауарды тексеруге, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және іздестіру мәселелерін шешуге, контрабандалық товарлар, автокөліктер және есірткі заттарды заңсыз тасымалдау әрекеттерін тоқтатуға қолданылады.

         Осы курстың дәріскері:

  •  Қасымқұлова Лаззат Тұрдақынқызы -ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы.

Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу дағдыларын меңгерді.

Курс соңында, оқуды тыңдаған 8 қызметкерге сертификаттар табысталды. Курс барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді.