Date of publication: 27.09.2016 19:34
Date of changing: 27.09.2016 20:05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2016 жылғы қыркүйек айының 27 мен 29 аралығында Астана қаласында ЕҚЫҰ-ың Үйлестіру бюросының экономикалық және экологиялық қызметі, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі-мен бірлесіп «Орталық Азиядағы өңірлік транзиттік тасымалды арттыру жолымен сауда рәсімдерін оңайлату» тақырыбында халықаралық семинар өткізеді.

Семинарда кедендік, көліктік және сауда мәселелері бойынша ведомстволардың, сондай-ақ Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың жеке секторының өкілдері қатысуы күтілуде. Аталған семинар Орталық Азия аумағының транзиттік потенциалын көтеруге, кедендік ақпаратпен алмасуды жақсартуға, Халықаралық жүк тасымалдау туралы конвенциасының кепілділік жүйесін және де Орталық Азияның теміржол транзитінің тиімділігін іске асыруға бірде бір себебін тигізеді.

Семинарға ЕҚЫҰ, ДСҰ, ЕЭК БҰҰ, Сербия, Грузия, Армения, Азербайджан, Литваның халықаралық сарапшылары қатысады.

Семинарда қарастырылатын негізгі сұрақтар:

- Орталық Азияның транзиттік тасымалдауының әлеуеттік дамуы;

- Халықаралық жүк тасымалдау туралы Конвенциасының орындалуы, процедыраларының жеңілдетуі, қамтамасыз ету жүйесінің  қалыптасуы;

- аймақтық транзиттің қамтамасыз етілуінің кедендік іс-шарасы, мөрлері, тағы басқа қауіпсіздіктері;

- Орталық Азианың теміржол транзиті;

- кеден органдарының жеке меншік секторларымен ынтымақтастығы.

Семинар барысында заманауи теория (2 күн) мен тәжірибелерге (1күн) шолу жүргізіледі.

Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.

 

 ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)