Date of publication: 02.12.2016 20:09
Date of changing: 05.12.2016 09:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз – релизі

 

2016 жылдың 30 қарашасында мемлекеттік мейрам Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Мемлекеттік кірістер комитетінде ҚР ҚМ МКК ардагерлер қауымдастығының «Нұр Отан» ХДП «Ардагер» партиялық ұйымының хатшысы Данабеков Төлеубай Елесмесұлы “Ұлт көшбасшысы” тақырыбында дәріс оқыды.

         Данабеков Т. Е. өз сөзінде, бірінші желтоқсан – бұл Тұңғыш президенттің сайлауда бүкіл қазақстандықтардың толық сенімін алған күні, деп атап өтті. Қазақстан халқының өзіне сеніп тапсырған ең жоғары жауапкершілігін сезіне отырып, Ұлт көшбасшысы абыроймен өзінің азаматтық және президенттік борыштарын өтеуде. «Назарбаевтың барлық қиындықты халқымен бірге өткеріп, оны жеңуі», бұл – тарихи дерек. Ұлт көшбасшысы ел тарихында маңызды орын алады, оның орны  қазір де және болашақта да, күнтізбе және халық жазбасында анықталған. Бұл күн - 1 желтоқсан.

«Кез келген елдің тарихы бірегей болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстан мемлекеттілігінің бірегейлігімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевсыз мемлекеттің құрылуы мүмкін емес еді,сондықтан халық Елбасын адам және  көшбасшы ретінде көреді,-деп  Т.Данабеков қорытындылады.

Осы сияқты дәрістер ҚР ҚМ МКК ардагерлер қауымдастығының «Нұр Отан» ХДП «Ардагер» партиялық ұйымының өкілдерінің қатысуымен, Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық департаменттерінде өткізілді.

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)