Date of publication: 16.06.2017 18:54
Date of changing: 16.06.2017 18:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы – мемлекеттердің кедендік қызмет басшылары Кеңесінің отырысы туралы

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Баку қ. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі – ТМД) қатысушы – мемлекеттердің кедендік қызмет басшылары Кеңесінің 65-ші отырысы болып өтті. Бұл шараға Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан,Молдова, Ресей, Тәджікістан, Өзбекстан кедендік қызметінің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушылық комитетінің өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А.М. Тенгебаев басқарды.

Кездесу барысында қолданыстағы кеден заңнамасын және оның орындалуын жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелерді талқылады.

Кеңес бірқатар келісімдердің ережелерін өзгертуге бағытталған құжаттарды мақұлдады. Атап айтқанда, 1994 жылғы Кеден саласындағы ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімге кеден қызметтерінің сұрауы бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыру тәртiбi туралы түзетулер енгізілді. Мұндай алмасу орталық, сондай ақ, аймақтық кеден органдары арасында жүзеге асатын болады.

ТМД мемлекеттеріне 1994 жылдың 15 сәуіріндегі еркін сауда аймағын құру туралы келісімінің тоқтатылуына байланысты, 1999 жылдың 4 маусымының ТМД мемлекеттерінің аумағы арқылы транзит тәртібі туралы келісіміне және 1999 жылдың 8 қазанындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісімінің тауарларды кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлданды.

ТМД мемлекеттерінің кеден қызметтерінің басшыларымен Тауарларды кодтаудың және сипаттаудың үйлестiрiлген жүйесінің 6-шы шығарылымының орысша нұсқасында I және II томдарының Түсіндірме жазбалары мақұлданды және көрсетілген Түсіндірме жазбаларының орыс тіліндегі нұсқасында III – V томдарын дайындауды жалғастыруға тапсырма берілді. Сонымен қатар, ТМД-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына өзгерістер енгізілді.

Және де 14 маусымда Әзірбайжан Республикасына іссапар барысында Әзірбайжан Республикасының салық бойынша министрдің бірінші орынбасары Сахир Маммедхановпен кездесуі өтті.  Кездесу барысында салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері талқыланды, атап айтқанда, ФАТКА келісімі шеңберінде деректермен алмасу, ҚҚС енгізу – шоттар, TAX FREE Әзірбайжан жаңа салық жүйесінің оң әсері және де т.б.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)