Date of publication: 26.06.2017 18:31
Date of changing: 26.06.2017 18:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында 2017 жылдың 19-23 маусым аралығында «Ғаламтор жүйесінде есірткі айналымының қылмыстық тексерілуі» тақырыбында семинар өтті. Семинар АҚШ Елшілігінің әскери ыңтымақтастық Офисі, АҚШ Елшілігінің заңды сақтау және есірткімен халықаралық күрес бойынша Бөлімі және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар Офисі тарапынан ұйымдастырылды.

Семинардың ашылуында қатысушыларға алғы сөзбен ұсыныс білдіргендер:

- Лорэн Хэнкс, Офис Бағдарламасының есірткімен қарсы күрес менеджері;

- Джон Дадли, АҚШ Елшілігінің халықаралық есірткімен қарсы күрес және заңды сақтау бөлімінің басшысы;

- Кристофер Маккалау, Астана қаласындағы  ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің саясат кеңесшісі;

- Мұратжан Джангозин, ҚР ҚМ МКК ОӘО-ы басшысының орынбасары.

Бір апталық оқу курсы ғаламтор жүйесінде есірткінің заңсыз айналымының қылмыстық тексерілуін жан жақты қарады. Ғаламтор желісі арқылы есірткінің заңсыз айналымы кезіндегі іс-шаралар тергеуі қаралады. Өтіп жатқан курстың өзектілігі, соңғы жылдары ғаламдық ғаламтор желісінде көлемін ұлғайтып, қолда бар ресурстардың сапалы пайдалануы күрт өсті.

Курс өту кезеңінде мынандай тақырыптар талқыланды, құпия ақпаратты әрекет ету (іс әрекетін жамылу), есірткінің ғаламтор желісінде заңсыз айналымының жолы, жасырын  және күдіктіден сауалнама алған кезде  қолдау шеберлігін пайдалану, практикалық мысалдарды талдау  жолдары қаралды.

Сарапшылар ретінде АҚШ Орталық қолбасшылығы ғаламдық оқу командасының инструкторлары Уильям Дион, Майкл Стоукс, Джон Карбонаро мырзалар шақырылды.

Айтылған іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімдерінен экономикалық тергеу қызметінің мамандары және де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Семинардың қорытындысы бойынша, мерекелік жағдайда қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)