Date of publication: 27.06.2017 17:52
Date of changing: 28.06.2017 10:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың жыл сайынғы халық алдындағы есепті кездесуі өтті

 

«Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында бейнеконференция режимінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың жыл сайынғы халық алдындағы есепті кездесуі болып өтті.

Осы шараға Қоғамдық кеңестің мүшелері, Парламент депутаттары, қоғам, кәсіпкерлік өкілдері, ел өңірлерінің тұрғындары қатысты.

Елдегі барлық өңірлері онлайн – режимде қосылып, олар кезек - кезек өздерінің сұрақтарын қоя алды. Қаржы министрлігінің сайтында және «Bnews.kz» ақпараттық агенттігінде тікелей трансляция жүргізілді.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық алдында сөз сөйлей отырып, «алғашқы рет ашық диалог форматында өткізілген өткен жылғы кездесу қорытындысы бойынша 120-дан астам өтініш келіп түсті, олардың барлығына қажетті түсініктер берілгенін және тиісті шаралар қолданылғанын» атап өтті.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық және БАҚ алдында министрліктің өткен жылғы жұмысы туралы есеп бере отырып, «2016 жылғы қызметінің басымдықтары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен елдің стратегиялық даму жоспарларын іске асырудан туындады» деп атап өтті.

Атап айтқанда, Қаржы министрлігінің басшысы бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі туралы, бюджеттің атқарылуы туралы, оның ішінде қазынашылық сүйемелдеу, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде жекешелендіру туралы хабардар етті.

«Жалпы Министрліктің әрбір қызмет бағыты бойынша халықпен және бизнеспен белсенді жұмыс жүргізілуде. Аталған бағыт Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформаның басымдығы болып табылады және өзіне сапалы қызметтер көрсету мен бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтиды» - деп Б.Сұлтанов атап өтті.

Қаржы министрі ведомствоның алдағы міндеттері жөнінде де хабардар етті. Олардың ішіндегі ең бастылары - 2025 жылға қарай салық жиналымын жалпы ішкі өнімге қарағанда 16,6%-тен 25% - ке дейін арттыру. теңгерімделген бюджет бойынша жұмыс, шығыстарды оңтайландыру мен мемлекеттік меншікті тиімді басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. 

Бақыт Сұлтанов сонымен қатар, есепті кездесу өткізгенге дейін Министрліктің Call-орталығына, сол сияқты бірыңғай электронды мекен-жайға: minfin@minfin.gov.kz халықтан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Негізінен сұрақтар салықтық және кедендік әкімшілендіруге, мемлекеттік сатып алуға, жекешелендіруге және т.б. қатысты болды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)