Date of publication: 16.11.2017 17:14
Date of changing: 16.11.2017 17:19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

2017 жылғы 13-16 қараша Алматы қаласындағы ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының базасында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және Кинологиялық орталғымен бірге ҚР-дағы АҚШ Елшілігі Халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бойынша басқармасының (INL)  қолдауымен «Оқыту дағдыларын жетілдіру курсының екінші кезеңі» атты треннингі өтті.

Оқыту курсының мақсаты – кинолог-мамандардың оқыту дағдыларын жетілдіру, олардың кәсіби қызметінде өзіндік әлеуетін іске асыру болып табылады.

Аталған теннинге сарапшылар ретінде АҚШ есірткімен күрес басқармасы Ғаламдық оқу командасының нұсқаушылары Стифен Гризволд пен Джон Морэман тартылды.

Дәрістер мамандардың оқу бағдарламаларын дайындау, дәрістерді құрастыру мен әдістерін таңдау бойынша кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Курстың өту кезеңінде интерактивті оқыту әдістері, презентациялар көрсету, практикалық және ситуациялық тапсырмалар, брейн-шторминг қолданылды. Қатысушылардың жаңа материалды игеруін тексеру үшін тестілеу және қорытындыларына салыстырмалы анализ жүргізілді.

Сарапшылар мен қатысушылар тренингтің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдірді.

ҚР-дағы АҚШ Елшілігі Халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бойынша басқармасының (INL) өкілдері тренингтерді өткізіудің жаңа әдістерін енгізу қатысушылардың кәсіби салада жетілуін қамтамасыз ететіндігін атап өтті және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бұдан әрі жемісті ынтымақтасу жөніндегі үміттерін білдірді.

Шараның қорытындысында қатысушыларға Оқыту дағдыларын жетілдіру курсының екінші кезеңін сәтті аяқтағандығы жөніндегі сертификаттары табыс етілді.

                                     

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)