Date of publication: 27.11.2017 17:49
Date of changing: 27.11.2017 17:50

                                                                 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалау жүйесі іске қосылды

 

27 қараша күні  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, тері бұйымдарын таңбалау жүйесі жобасын іске қосу жайында хабарлап, таныстырылымын жасаған болатын.  

Ісшараға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова, сонымен қатар бизнестің өкілдері мен ұйымдар қатысты.

Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалау жүйесі жобасын сәтті іске қосу үшін ақпараттық жүйе әзірленіп мен қажетті нормативті-құқықтық актілер қабылданды.

Тері бұйымдарын таңбалау процедурасы адал бәсекелестік, нарықты заңсыз сатылымнан қорғау, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және бюджетке салық түсімдерін көбейтуге бағытталған, сондай-ақ, тұтынушы сатып алып жатқан тауардың шығу тегі жайында толық ақпарат алып, контрафактіден сақтанады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде екі жыл қатарынан отандық кәсіпкерлермен арнайы оқу семинарлары және ҚР-да тері бұйымдарын таңбалау бойынша түсіндірме жұмыстары бойынша жиындар өткізген болатын. 

            2017 жылдың 3 қарашасында «Атамекен» ҚР ҰКП-да екінші деңгейдегі эмитентті анықтау бойынша байқау өткізді, нәтижесінде қатысушылар ұсынған баға ұсыныстарын есепке ала отырып, байқау нәтижесі бойынша «ISKER AKPARAT» ЖШС (Астана қ., Тәшенов көшесі 27, 411-кеңсе +7 7172 45 67 87, info@akparat.kz) жеңімпаз болып танылды.

Айта кетелік, тері бұйымдарының қалдықтары бар кәсіпкерлер де таңбалауды іске қосқан күннен бастап күнтізбелік 90 күннің ішінде, ал импорттаушылар – еркін айналымға тауарларды шығарған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде таңбалауды жүргізуі тиіс.

            Таңбалауды жүргізу үшін ең алдымен шартқа отыру және GS1 Kazakhstan Қауымдастығында GTIN нөмірін алуы керек. Кейіннен екінші деңгейдегі эмитентке (бақылау белгісіне тауар туралы ақпаратты енгізетін компания) жүгіну қажет. Оның міндетіне бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің дербестілігі кіреді.

Осы ретте кәсіпкер, тері бұйымдарын сатуға, оның ішінде көтерме сауда сатушыларынан соңғы өткізушілердің тері бұйымдарын қайта сатуы кезінде тек оларға бақылау белгілерін қойғаннан кейін шығара алатынын еске саламыз.

Тері бұйымдарын таңбалау туралы толық ақпарат ҚР ҚМ МКК және «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында орналастырылған.

Анықтама үшін:

 

                 Қара күзен, құндызы (нутрии), түлкі немесе қызыл түлкі, ор қоян немесе қоян, жанат (енот), қой терілерінен тігілген киім заттары, сондай-ақ СЭҚ ТН 4303 тауар позициясы бойынша жіктелетін, заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер әкелетін немесе өндіретін терінің өзге түрлерінен жасалған киімдер таңбалауға жатады. Егер бұйымның астары ғана табиғи теріден жасалған немесе тері сырт жағынан жапсырылған жағдайларда, оларды да таңбалау керек (себебі бұйым  СЭҚ ТН 4303 тобына жатады).

Әшекейлеу функцияларын (жаға, қайырма жаға, манжеттер, қалта қақпашалары) орындайтын терісі бар киім-кешек заттары, сондай-ақ биалай, қолғап, митенкілер, табиғи теріден жасалған бас қиімдер таңбалуға жатпайды. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға әкелген бұйымдары таңбалауға жатпайды.

 

 

Тері бұйымдарын таңбалаукезінде кәсіпкерлердің қолдану алгоритмі мынадай кезеңдерден тұрады:

 

     GS1 Kazakhstan Ассоциациясында тіркелу;

    Тауарларды GS1 жүйесіне қосу және GTIN нөмірін алу;

    http://markirovka.gov.kz/ сайтында таңбалау ақпараттық жүйесіне тіркелу, таңбалау жүйесі бойынша қажетті консультацияны 1414 телефоны бойынша алуға болады (бұдан әрі – Таңбалау АЖ);

    2 деңгейлі Эмитентпен шартқа қол қою;

    Таңбалау АЖ-де бақылау белгісін дербестендіруге өтініш;

    Дербестендірілген бақылау белгілерін алу;

    Тері бұйымдарына бақылау белгілерін салу.

 

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ағымдағы жылғы 3 қарашада екінші деңгейдегі эмитентті анықтай бойынша конкурс өткізген болатын, оның нәтижесі бойынша қатысушылардың ұсынған бағалық ұсыныстарын ескере отырып, «ISKER AKPARAT»ЖШС (Астана қаласы, Ташенов көшесі 27, офис 411, тел. +7 7172 45 67 87info@akparat.kz) жеңімпаз болып танылды.

Таңбалауды жүргізу үшін бірінші кезекте GS1 Kazakhstan Ассоциациясында GTIN нөмірін алуы қажет. Кәсіпкерлер шарттарды жасасу үшін GS1 Kazakhstan Ассоциациясына жүгінуі қажет, деректемелері: БСН 040940007541, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, № 299, тел. 8 (727) 394-88-53, осы нөмірлерді алу тәртібі Ассоциацияның http://gs1.kz/ сайтында орналастырылған.

 

Кәсіпкерлер барлық сұрақтары бойынша  ҚР ҚМ МКК - 1414, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының – 1432 байланыс орталығына хабарласуына болады.

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)