Date of publication: 18.06.2018 17:48
Date of changing: 18.06.2018 17:51

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

           2018 жылдың 16 маусымында мемлекеттік қызметшілер мерекесінің 20 жылдығына орай Алматы қаласындағы  әкімшілік мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саябағының аумағында Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Еркін мейрімділік қоғамы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Алға басу – движение вперед»  қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды.

         Марафонға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының әкімшлік мемлекеттік қызметшілері де қатысты.

         Іс-шара көпшіліктің қатысуымен жүргізілген қысқа жаттығудан басталды, сосын қатысушылар екі түрлі ара қашықтықта, яғни: ер адамдар – 2,5 километр болса, ал әйел адамдар – 1,5 километр  жүгірді.

         Ұйымдастырушылардың пайымдауы бойынша Кинологиялық орталығының қызметкерлері жоғарғы деңгейдегі жауапкершілікпен марафонға дайындалып қатысқанын атап айтты (өз командасын қолдауға арналған жалау, логотибі бар бірыңғай формасы атап көрсетілді). Ара қашықтыққа жүгіру кезінде спортқа деген құмарлық пен жоғарғы көңіл-күй байқалды. Осындай іс-шаралар әкімшлік қызметшілер арасында айтарлықтай патриотизмді қалыптастырады, жеке басының жауапкершілігін оята отырып, мемлекеттік қызметшінің имиджіне оң әсер етеді.

       Жүгірудің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды дипломдар мен медеальдар, сонымен қатар сертификаттармен марапаттады.

       Сонымен қатар, 20 жақсы істер науқанына орай ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының қызметкерлерінің атынан «ДОМ» қорына қаржылай көмек жіберілді, ол өз кезегінде «Балаларға өмір сыйла» атты қайырымдылық жобаның Қазақстанда емделмейтін дертке шалдыққан балардың  емделуіне жұмсалады.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)