Date of publication: 16.10.2018 11:15
Date of changing: 16.10.2018 11:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы еңбек жәрмеңкесіне қатысты

 

2018 жылғы 13 қазанда ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы "Болашақ" халықаралық стипендиясының «Bolashak Job Fair 2018» түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған еңбек жәрмеңкесіне қатысты.

 Аталған жәрмеңкеге Алматы қаласының 30-дан астам жұмыс берушілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін азаматтар мен жоғары оқу орындарының түлектері қатысты.

Кинологиялық орталықтың аталған іс-шараға қатысуының негізгі мақсаты - Кинологиялық орталықтың штатын жоғары білікті мамандармен толықтыру, халыққа және жәрмеңке қатысушыларына Кинологиялық орталықтың қызметі мен Комитеттің кинологиялық қызметінің жетістіктері туралы толық ақпарат беру болды.

Еңбек жәрмеңкесі кезінде жоғары оқу орындарының жоғарғы курс студенттері мен түлектері мемлекеттік қызметке, атап айтқанда ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығына жұмысқа орналасуға қызығушылықтарын білдірді.

Барлық ниет білдірушілерге  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдану ережесі және тәртібі түсіндірілді.

Осындай еңбек жәрмеңкелерін өткізу — түлектерге лайықты жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге жоғары білікті кадрларды таңдауға көмектесетін тиімді нысандардың бірі болып табылады.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)