Date of publication: 10.11.2015 10:30
Date of changing: 10.11.2015 15:11

Электронды түрде жазып берілетін шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісім

1. Жалпы ереже

1. Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар:

уәкілетті адам - ЭШФ АЖ-де осындай заңды тұлғаның атынан сенімхат негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның атынан ЭШФ қол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері;

электрондық құжат - ақпараты электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;

электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ)- электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭШФ АЖ) - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы ЭШФ жазып беру, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылады;

электрондық шот-фактура - ЭШФ АЖ арқылы электрондық түрде жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін шот-фактура;

электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушы - ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-де тіркелген адам;

электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің операторы - ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган;

электрондық шот-фактура жазып беретін адам - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шот-фактура жазып беру міндеттемесі жүктелген өзге де адамдар.

2. Келісімнің нысанасы

2. Осы Келісім бойынша ЭШФ АЖ қатысушы өзіне ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылатын ЭШФ АЖ пайдалану бойынша міндеттерді қабылдайды.

3. ЭШФ операторы ЭШФ АЖ қатысушыға ЭШФ АЖ-не рұқсат беруді қамтамасыз етеді.

4. Осы Келісім бойынша ЭШФ жазып беріледі, ЭШФ АЖ арқылы жөнелтіледі және қабылданады, ЭЦҚ қол қойылады және ЭШФ АЖ-де сақталады.

3. Қатысушының құқықтары мен міндеттері

5. ЭШФ АЖ қатысушыға Салық кодексінде, ЭШФ құжат айналымы қағидаларында, сондай-ақ осы Келісімде көзделген құқықтар беріледі және ол өзіне міндеттерді қабылдайды.

6. ЭШФ АЖ қатысушы жеке тұлға осы Келісімге және ЭШФ құжат айналымы қағидаларына сәйкес ЭШФ АЖ-де өзі және оның контрагенттері жазып берген ЭШФ қарауға құқылы.

7. ЭШФ АЖ қатысушы электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып ЭШФ жазып беруге міндеттенеді.

8. Заңды тұлғаның басшысы ауысқан жағдайда, ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлғаның уәкілетті өкілі:

1) ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша салық органына заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішпен үш жұмыс күні ішінде;

2) жаңа тіркеу куәлігін алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық куәландырушы орталыққа жүгінуге міндетті.

Егер ЭШФ жазып берілген аталған заңды тұлғаның басшысы болып табылмаған заңды тұлғаның басшысы жазып берген жағдайда, онда жазып берілген ЭШФ-ға жаңа басшы жауаптылықта болады.

9. Заңды тұлғалар ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін осы Келісімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрде жасалған сенімхат негізінде уәкілетті адамды айқындауға құқылы.

Заңды тұлғаның басшысы қолданылу мерзімін көрсете отырып, уәкілетті адамға осындай заңды тұлғаның атынан ЭШФ АЖ-де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін белгілі бір құқықтар береді.

10. Заңды тұлғаның басшысы уәкілетті адамға берілген құқықтарды түзетуге, қарау ғана болмаса оны осы құқықтардан айыруға құқылы.

11. ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлға заңды тұлғаның атынан заңды тұлғаның бірнеше қызметкеріне бір мезгілде ЭШФ қол қою құқығын беруге құқылы.

12. ЭШФ АЖ қатысушы заңды тұлға осы Келісімнің 5-тармағында көзделген сенімхатты жою туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңынамасында белгіленген тәртіппен осындай шешім қабылданған уақыттан бастап күнтізбелік бір күннен кешіктірмей оны қайтарып алады.

13. ЭШФ АЖ қатысушы ЭШФ АЖ пайдаланудан бас тартқан жағдайда, ЭШФ АЖ операторына кейіннен түпнұсқасы жеткізіліп берілетін жазбаша хабарламаны хатпен, жеделхатпен немесе факспен жіберуге міндетті.

4. Жауаптылық

14. ЭШФ АЖ қатысушы, сондай-ақ уәкілетті адамдар ЭШФ-ғы мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына жауапты болады.

15. ЭШФ АЖ қатысушы ЭШФ-ға ЭЦҚ қойылу заңдылығы, сондай-ақ ЭШФ жазып беру нәтижесінде пайда болған салдар үшін жауапты болады.

16. ЭШФ АЖ қатысушы осы Келісімде көрсетілген деректемелердің түпнұсқалығы үшін жауапты болады.

17. ЭШФ АЖ қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жауаптылықта болады.

18. Егер осы Келісім шарттарының бұзылуы ЭШФ АЖ қатысушына байланысты емес мән-жайлар бойынша ЭШФ АЖ ақаулықтар нәтижесінде болса, ол көрсетілген бұзылу үшін жауапты болмайды.

19. Егер осы Келісім шарттарының бұзылуы форс-мажор мән-жайларының нәтижесі болса, бұл үшін ЭШФ АЖ қатысушы жауапты болмайды.

Осы Келісімнің мақсаты үшін «форс-мажор» Қатысушы және ЭШФ операторының және күтпеген сипаттағы тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар ұрыс қимылдары, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин және басқаны қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

5. Қатысушының деректемелері

Жеке тұлға

1. ЖСН ___________________________________________________________________________________________________

2. Т.А.Ә. __________________________________________________________________________________________________

3. Жеке басын куәландыратын құжат:

паспорт жеке куәлік

нөмірі ____________________________________________________________________________________________________

кім берген _________________________________________________________________________________________________

қашан берген 20__ жылғы «___» _____________________

4. Тұрғылықты жерінің

мекенжайы _______________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

Дара кәсіпкер

1. ЖСН/БСН ______________________________________________________________________________________________

2. Атауы (ол болған кезде) __________________________________________________________________________________

3. Жеке басын куәландыратын құжат:

паспорт жеке куәлік

нөмірі ____________________________________________________________________________________________________

кім берген ________________________________________________________________________________________________

қашан берген 20____ж. «_____»______________________

4. Қызметін жүзеге асыру

мекенжайы ________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

Заңды тұлға

1. БСН ___________________________________________________________________________________________________

2. Атауы __________________________________________________________________________________________________

3. Басшының Т.А.Ә. ________________________________________________________________________________________

4. Басшының ЖСН _________________________________________________________________________________________

4. Заңды мекенжайы ________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________

Мен ___________________________ осы Келісімнің шарттарымен келісемін.

ЭЦҚ ___________________________

Күні 20__ ж. «___» _______________

 
 

  • Қолдау қызмметіне хабарласқанда, Esfsupport@osdkz.com мекен-жайына электронды поштамен жіберу керек.