Date of publication: 26.11.2018 18:55
Date of changing: 26.11.2018 18:56

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «Виртуалдық қойма» модулінің пысықталған функционалдарын көрсетті

 

Ағымдағы жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің алаңында электрондық шот-фактура (бұдан әрі - ЭШФ), «Виртуалдық қойма» модулі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салық төлеушілер қауымдастығының қатысуымен кезекті дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырыс барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы салықтық тексерулер санын, ҚҚС қайтару мерзімін қысқартуға, бизнес-процестерді цифрландыру есебінен көлеңкелі айналымды азайтуға бағытталған ЭШФ, «Виртуалдық қойма» модулін дамыту бойынша одан әрі жоспарлары айтылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ЭШФ ресімдеу, оның ішінде «Виртуалдық қойма» модулін қолдану кезінде туындайтын мәселелер қаралды.

Бұдан басқа, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ЭШФ АЖ әзірлеушілерімен бірлесе отырып, алдыңғы дөңгелек үстелдер қорытындысы бойынша келіп түскен ұсыныстардың негізінде пысықталған, «Виртуалдық қойма» модулінің функционалы көрсетілді.

Осы отырыстың қорытындысы бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының заңнамаға өзгерістері, техникалық сипаттағы пысықтаулары бойынша ұсыныстары назарға алды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)