Date of publication: 31.03.2019 20:50
Date of changing: 01.04.2019 14:58

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Қырғызстанмен шекарада автокөлік құралдарының жинақталуы тасымалдаушылар жете тексеруден өткісі келмейтіндіктен болып отыр

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында мониторинг жүргізілуде, ал қажет болған жағдайда тыйым салынған тауарларды өткізуді анықтау мақсатында көлік құралдарына жете тексеру жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап қазақстан-қырғыз шекарасындағы Қарасу өткізу пунктінде, қытай және түрік елдерінде өндірілген тауарларды тасымалдайтын 9 көлік құралына жете тексеру жүргізілді, бұл ретте барлық  көлік құралдарындағы тауарлардың ілеспе құжаттарында мәліметтер дұрыс емес көрсетілгені анықталды.

Сондай-ақ, жүргізілген жете тексерулерге байланысты, ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап, 40 көлік құралы Қырғызстан аумағына тауарлардың ілеспе құжаттарын түзету үшін өз еркімен қайтарылды.

Сонымен қатар, қырғыз өнімдерінің тауарларына қатысты көзбен шолу жүргізілуде, ешқандай бұзушылықтар байқалмайды.

Бүгінгі таңда Қырғызстанның аумағында Қазақстан Республикасына бағытталатын 140-тан аса автокөлік құралдарының жинақталуы орын алуда, оның басты себебі тасымалдаушылар жете тексеруден өткісі келмейтіндіктен болып отыр.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)