Question: 
<p>Егер шетелдік тауарларға қатысты оларды ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелгеннен кейін, бірақ кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру кезінде белгілі бір межелі кеден органына тауарлар келгенге дейін тауарға арналған декларация берілген және «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсіміне сәйкес автоматты режимде шығарылған жағдайда, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру міндетті ме. &nbsp;&nbsp;</p>
Answer: 

Кодекстің 231-бабына сәйкес Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына тауарлар жеткізілгеннен кейін аяқталады.

Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орнында тауарлар кедендік бақылау аймағына, оның ішінде тауарлар өздері жеткізілген көлік құралынан түсірілмей орналастырылады. Тауарлар кедендік бақылау аймағына тәуліктің кез келген уақытында орналастырылады.

Бұдан басқа, Кодекстің 230-бабына сәйкес, жөнелтуші кеден органы белгілеген мерзімде тауарлар мен оларға арналған құжаттарды жеткізу және тауарларды жеткізу орны тасымалдаушының міндеті болып табылады.