Date of publication: 17.10.2019 18:18
Date of changing: 17.10.2019 18:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

17 қазан 2019 ж.                                                                                                    Нұр-Сұлтан қ.

 

МКК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ІСКЕРИ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ КУРСЫН ӨТУДЕ

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті өз қызметкерлері үшін іскери ағылшын тілін оқыту курсын бастады. Қазіргі таңда ағылшы тілімен тікелей не жанама байланыспайтын мамандықты елестету қиын. Тыңдаушылар шет тілін жетілдіруге ынта қойып, ағылшын тілін білу деңгейіне қарай топтарға бөлініп оқуда. Курс грамматика және сөйлеу (Grammar and Speaking) бөлімдерінен тұрады.

Шет тілін меңгеру іс жүргізуде жаңа деңгейге жетуге, мамандықты игеруге зор үлесін қосады. Осылайша, ағылшын тілін меңгере отырып, басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдары немесе халықаралық ұйымдармен байланыс орнату платформасы қалыптасады.

Ағылшын тілін оқу арқылы қызметкерлер өз мамандығын игеру мен дамытуда, біліктілігін арттыруда, сонымен қатар халықаралық тәжірибемен танысып, басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен халықаралық байланыс орнатуда жаңа мүмкіндіктерге ие болады.

Ескере кететін тағы бір жайт, оқыту барысында қызметкерлердің пәнді оқуға қызығушылығы артты. Интенсивті сөйлеу тәжірибесі мен «кері байланыстың» арқасында тыңдаушылардың алдағы қызметінде қолдана алатын іскери әңгімелесу дағдысы қалыптасып келе жатыр. Сонымен қатар қызметкер жұмыстан тыс уақытта үй тапсырмаларын алып орындауы арқсында, шет тіліндегі білімдерін өз беттерімен жетілдіруде.

Іскери ағылышын тілі курсын оқытуды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының лекторлары жүргізуде.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)