Question: 
<p>Салық кодексімен жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығы бойынша қандай салықтық шегерімдер қарастырылған?&nbsp;</p>
Answer: 

Салықтық шегерім –  салық алынатын кіріс көлемін азайтатын сома.

     Жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:

1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық;

2) зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім;

3) стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);

4) өзге салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге шегерімдер) , олар:

ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;

медицинаға арналған салықтық шегерімді;

сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды.