Question: 
<p><strong><em>Жеке тұлға тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт ішінде меншік құқығындағы пәтерді сату кезінде құн өсімі туындамаған жағдайда, 240.00-ге декларация тапсыруға міндетті ме?</em></strong></p>
Answer: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)  363-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жеке табыс салығы (бұдан әрі- ЖТС)   бойынша декларацияны мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар резидент-салық төлеушілер тапсырады.

 Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 364-бабының 1-тармағына сәйкес егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.

Жоғарыда айтылғандарға негізінде, меншік құқығында тұрған пәтерді сату кезінде оның тіркелген күнінен бастап бір жылдан аз уақыт ішінде құн өсімі болмаған жағдайда, жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №166 «Салық есептілігінің нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген ЖТС декларациясын (240.00 нысаны) ұсынуға міндетті емес.