Question: 
<p><strong>Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қай уақытта жасалады?</strong></p>
Answer: 

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады (ӘҚБтК 806-бабы).

Бұл ретте ӘҚБтК 806-бабының екінші-сегізінші бөлігінде хаттама басқа мерзімдерде жасалатындығы қарастырылған (тиісті тексеру аяқталғаннан соң дереу, ӘҚБтК 897-бабында айқындалған тәртіпте айыппұлды төлемеген жағдайда, ӘҚБтК 897-бабында белгіленген мерзімнің өтуі бойынша тәулік ішінде;

өздерiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда үш тәулік ішінде).