Салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері бойынша

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

Үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарда пайда болған салықтық міндеттер мен талаптарға қолданылады.

По сроку исковой давности статья 48 Налогового кодекса.

С 1 января 2020 года срок исковой давности составляет три года, а по налогоплательщикам, подлежащим налоговому мониторингу и осуществляющим деятельность в соответствии с контрактом на недропользование, срок исковой давности составляет пять лет.

Срок исковой давности, который составляет 3 года, распространяется на налоговые обязательства и требования, возникшим с 1 января 2020 года.

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдерін мынаны хабарлайды.

Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан относительно применения срока исковой давности по налоговым обязательствам и требованиям, сообщает следующее.

 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Кірістер комитеті  апостилді сенімхатқа қою бойынша өз құзыреті шегінде келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Салық заңнамасының бейрезиденттерді салық төлеушi ретінде кірістер басқармаларына тiркеудің ерекшеліктері (Салық кодексінің 76 бабы) және бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар (Салық кодексінің 675 бабы) бейрезиденттің салықтық қарым-қатынастарының өкілдігі реттелгендігі анықталмайды.

Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, относительно проставления апостиля на доверенности, в пределах компетенции сообщает следующее.

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық – қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, – қаулыны алған күннен бастап беріледі. (ӘҚБтК 826-2- бабы).

 Иә, ӘҚБтК 887, 888-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары тұлғаның арызы бойынша айыппұл төлеудi бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады, ал үш айға дейiнгi мерзiмге ұзарта алады. Шешім қаулы түрінде қабылданады.

 Құқық бұзушылық жасаған адамға жеке басын, ӘҚБтК-ң бабы, әкімшілік жауапкершілікті көздейтін мәліметтерді,  әкімшілік айыппұл сомасын, айыппұлды төлеу үшін деректемелерді қамтитын хабарлама немесе хабар хат жіберілуі керек. Мұндай хабарламаны алған салық төлеуші құқық бұзушылық жасау фактісімен келіскен жағдайда, хабарлама немесе хабар хатты алған (тапсырған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұл төлейді.

 ӘҚБтК 62-бабының екінші бөлігіне сәйкес салық салу, кеден ісі саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы құқық бұзушылығы үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

 қаулыны алған сәттен немесе табыс етілген кезден бастап отыз күн ішінде қаулыға шағым беріледі. Басқа жағдайларда – 10 тәулік.

 Иә. ӘҚБтК 280-бабы бойынша жауакершілік қарастырылған және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады (ӘҚБтК 806-бабы).

Бұл ретте ӘҚБтК 806-бабының екінші-сегізінші бөлігінде хаттама басқа мерзімдерде жасалатындығы қарастырылған (тиісті тексеру аяқталғаннан соң дереу, ӘҚБтК 897-бабында айқындалған тәртіпте айыппұлды төлемеген жағдайда, ӘҚБтК 897-бабында белгіленген мерзімнің өтуі бойынша тәулік ішінде;

 ӘҚБтК-тің 62-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) салық салу, кеден ісі саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

 Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған тұлға әкiмшiлiк жазаны орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледi.