Question: 
<ol> <li> <strong>Хаттамасыз айыппұлды төлеудің оңайлатылған тәртібі қандай?</strong></li> </ol> <p>&nbsp;</p>
Answer: 

 Құқық бұзушылық жасаған адамға жеке басын, ӘҚБтК-ң бабы, әкімшілік жауапкершілікті көздейтін мәліметтерді,  әкімшілік айыппұл сомасын, айыппұлды төлеу үшін деректемелерді қамтитын хабарлама немесе хабар хат жіберілуі керек. Мұндай хабарламаны алған салық төлеуші құқық бұзушылық жасау фактісімен келіскен жағдайда, хабарлама немесе хабар хатты алған (тапсырған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұл төлейді.

  Құқық бұзушылық фактісімен келіспеген немесе айыппұлды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс жалпы тәртіпте жүзеге асырылады. (хаттама жасалады және қаулы шығарылады).