Question: 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) назарларыңызға келесіні ұсынады. 2020 жылғы 1 қаңтарда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің келесі нормалары күшіне енді.
Answer: 

 Салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері бойынша

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

Үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарда пайда болған салықтық міндеттер мен талаптарға қолданылады.

Осылайша, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағы нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Осыған байланысты көрсетілген норманы әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында тиісті түзетулер қарастырылған.

Аталған түзетуге сәйкес, салықтық міндеттеме мен талап бойынша, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

Микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге кірістен салық төлеуден босату бойынша

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заннына жана 57-4 бабы еңгізілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы
1 қаңтарға дейінгі кезеңде  арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:

1) Салық кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);

2) Салық кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;

3) Салық кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.

Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.

Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;

2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотерея өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;

10) кредиттік бюролардың қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;

13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;

14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;

15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;

16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды».

Патент

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодекстің 685 - бабының 1-тармағы жана редакциясында күшіне енгізілді.

Салық кодекстің 685 - бабын 1 – тармағына сәйкес  патент негізінде арнаулы салық режимін Салық кодекстің 683-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сай келумен қатар:

1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын;

3) біреу немесе бірнесе келесі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыратын:

сылақ жұмыстарын;

ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;

еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;

бояу және шынылау жұмыстарын;

такси қызметін;

автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;

фотография саласындағы қызметті;

аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;

басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;

басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

қосалқы білім беру қызметтерін;

өнер саласындағы қызметті;

компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;

коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;

шаштараз қызметтерін;

маникюрді және педикюрді;

ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;

жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;

музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;

үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.

Бірыңғай жер салығы

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жер салығы негізіңде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушінің салық салу объектісі кіріс болып табылады (кіріс оңайлатылған декларацияғыдай  анықталады - барлық кірістер шығыссыз, бірақ жыл бойынша). БЖС ставкасы кірістен 0,5% мөлшерінде құрастырылды.

Тіркелген салық

Салық кодекстің «Тіркелген салық» 17 тарауы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген салық жойылады.

Ойын бизнесі салығы

Салық кодекстің 539 және 540 баптары 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойындарға салынатын қосымша салық жойылады.

Бұл ретте, Салық кодекстің 222 - бабының 1-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойын бизнесі саласындағы және ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ  айырбастау пунктінің уәкілетті ұйымдар корпоративтік табыс салығының салық төлеушілер болып табылады.

Жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Заңнын 27 және 28 баптарына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы (есептеу объектісі –еңбекақы шегеру МЗЖ, бірақ 10ЕТЖ көп те емес), дара кәсіпкерлердің жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді (есептеу объектісі - 1,4ЕТЖ).

Жергілікті салықтар бойынша

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Қаулыға сәйкес Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралырі», Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне Шымкент (республикалық маңызы бар қалалық деңгейге дейін) және Түркістан (облыс орталықтары деңгейіне дейін) қалалары бойынша үшін салық мөлшерлемелерін өзгерту бөлігінде толықтырулар енгізілді.

Жер салығы (505-бап)

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Шымкент (республикалық маңызы бар қалалар деңгейіне) және Түркістан (облыс орталықтарының деңгейіне) қалалары үшін елді мекендер (жер учаскелерінен басқа) жерлері үшін салынатын жер салығының базалық салық мөлшерлемелері жоғарылатылды:

 

Қала

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін

2020 жылдың 1 қаңтарынан кейін

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оған қосылған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, елді мекендер жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

 

Тұрғын үй қорындағы жер учаскелеріне, оның ішінде оған салынған ғимараттар мен құрылыстарға салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оған қосылған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, елді мекендер жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қорындағы жер учаскелеріне, оның ішінде оған салынған ғимараттар мен құрылыстарға салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

1

Шымкент

9,17

0,58

19,30

0,96

2

Түркістан

7,79

0,39

9,17

0,58

Жеке тұлғалардың мүлік салығы (529-бап)

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шымкент (республикалық маңызы бар қалалар деңгейіне) және Түркістан қалаларына (облыс орталықтарының деңгейіне) арналған бір шаршы метр тұрғын үйдің, жазғы үйдің базалық құны көтерілді:

 

Қала

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін базалық құн, теңгеде

2020 жылдың 1 қаңтарынан кейін базалық құн, теңгеде

1

Шымкент

36 000

60 000

2

Түркістан

12 000

36 000

 

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызыметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу туралы.

01.01.2010 жылдан бастап Салық кодексінің 709-бабы 4-тармағының екінші абзацының үшінші бөлігі күшіне енді, сәйкесінше келесі құрылыс нысандарының («Хоргос» ШЫХО-ны қоспағанда): инфрақұрылым, әкімшілік және тұрғын үй кешені жобалық-сметалық құжаттама кірістеріне корпоративті табыс салығының есептелген сомасын 100 пайызға төмендету қолданылмайды.

Акциздердің ставкалары бойынша

Салық кодексінің 463-бабының 4 – тармағына сәйкес (14, 15, 21, 22 – жолдары) 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап сигареттерге акциз ставкалар 13,8% өсті (2019 жылда 8700 тенге/1000 данаға).

Темекі өнімдеріне арналған акциз ставкаларын жоғарлату 2006 жылы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған темекіге бақылау бойынша Негіздемелік конвенцияны (бұдан әрі - Негіздемелік конвенция) іске асыру бойынша қажетті шара болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан акциздер мөлшерлемері:

 – өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) көтерме саудада өткізуі 1 тоннаға 24 435 теңгені;

– өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы 1 тоннаға 24 935 теңгені;

– импорттау кезінде 1 тоннаға 24 435 теңгені;

– салық кодексінің 462-бабы 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру                   1 тоннаға 24 435 теңгені құрайды.

Камералдық бақылау

Камералдық бақылау нәтижесімен қалыптастырылған хабарламаны орындалмаған деп тану туралы Мемлекеттік кірістер органдарының Шешімі салық төлеушіге (салық агентіне) почта арқылы, электронды түрде жолданады.

Салық төлеуші Шешім табыс етілген (алынған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасайды. (Салық кодексінің 96-бабының 4-1 тармағы).

Шағымның көшірмесі шешімді жіберген салық органына жіберілуі тиіс.

Бұл ретте, уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда салық төлеуші салықтық тексеріс нәтижесі туралы хабарламаға шағым түсірген жағдайдағыдай шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы ұқсас норма жазылған.

Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру  Шешімге жоғары тұрған салық органына (МКД, МКК) немесе сотқа шағым берген кезде жоғарғы органның шешімі не (немесе) сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау.

Салық кодексінің 71-тарауына өзгерістер жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшу көзделген.

Бірінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Бақылау-касса машиналарын қолдануға қатысты

Салық кодексінің 166-бабында қызметін патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып және арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілердің 2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап БКМ қолдануға өтуді қарастыратын норма күшіне енеді.

Онлайн-БКМ қолдану талаптары жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ аймақтарда өз қызметін жүзеге асыратын бизнес субъектілеріне таратылмайтынына назар аударамыз.

Бейрезидентке салық салу туралы

2018 жылдың 1 қаңтарынан

Салық кодексінің 656 бабының 1 тармағы салық агентінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың кірісінен жеке табыс салығын есептеу міндеттері тек шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасына тұрақты келіп тұратын болып саналған жағдайда ғана туындайтыны туралы шартпен толықтырылған.

Салық кодексінің 656 бабының ережесі бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың кірістеріне қолданылады.

Салық кодексінің 2017 жылғы редакциясында ондай тұлғалардың кірістері келген бірінші күннен бастап салық салуға жатады.

Сонымен бірге, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес (Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмауға қатысты келісімдер) тұлғаға тек өзінің резидент елінде ғана табыс салығы салынуы мүмкін.

Анықтама үшін: Салық кодексінің 217-бабына сәйкес, егер жеке тұлға ағымдағы салықтық кезеңде аяқталатын кез келген қатарынан он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк 183 күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.

Жоғарыда аталған кірісті салық салудан босату туралы халықаралық келісімді қолдану үшін шетелдік және азаматтығы жоқ адам Қазақстандық заңды тұлғаға резиденттік туралы анықтаманы ұсынуы керек. Сәйкесінше, резидент-заңды тұлғалар резиденттік туралы анықтама негізінде Қазақстан Республикасында 183 күннен аз уақыт жүрген адамдардың табыстарын салық салудан босатады.

Енгізілген түзету Қазақстан Республикасында 183 күннен аз уақыт жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына резиденттік туралы анықтама ұсынбауға мүмкіндік береді. Алайда, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің 202-бабының 1 тармағына сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жоғарыда аталған табыстарына салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасында салық салынбады. Осыған байланысты, бұл түзету 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде енгізілді.

Салық кодексінің 656-бабының 3-тармағын редакциясы нақтылануына сәйкес, егер жеке табыс салығы бейрезидент-заңды тұлғаға төленетін кіріс сомасының 80 пайызынан есептелетін болса, онда мұндай кірістер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында тең үлестермен бөлінетіндігін нақтылады. Сонымен бірге, бұл кірістер кірістерін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінің сомасына азаяды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап

Салық кодексінің 656-бабының 1 тармағында кірістердің тізімі өзгерді. Сонымен, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жұмыс берушіден алған материалдық пайда түріндегі табыстары кірістер тізімінен алынып тасталады, ал бап жұмыс беруші болып табылмайтын адамнан алынған материалдық пайда түріндегі кірістермен толықтырылады.

Бұл өзгертулер мақаланың алдыңғы нұсқасы қабылданбағандықтан енгізілді.

Қосымша қазақстандық салық агентінің бейрезидент-заңды тұлға Қазақастан Республикасына жіберген шетелдік және азамттығы жоқ адамның тамақтануы, тұруы, іссапар және т.б. шығындарына (материалдық игіліктер түріндегі табыс) салық, салуға мүмкіндік береді.

656-баптың 3-тармағы 6 тармақпен толықтыруына сәйкес , егер жеке табыс салығы бейрезедент-заңды тұлғаға төленетін табыс сомасының 80 пайызынан есептелген болса, онда мұндай кіріс жұмыс беруші болып табылмайтын адамнан алынған материалдық пайда түріндегі табыс мөлшеріне азаяды.

Әлеуметтік төлемдер бойынша қарызды өндіру бойынша

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ жаңа редациясында қабылданған.

Жалпы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен әлеуметтік аударымдар бойынша қарызды өндіру бойынша негізгі ережелер сақталған.

Сонымен қоса, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 2-тармағының 7) тармақшасымен төлеуші мемлекеттік кіріс органдарының талап етуі бойынша осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға мiндеттi деп беітілген.

Сонымен қоса, Заңның 17-бабының 6тармағымен Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушінің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алатыны қарастырылған.

Агенттің мемлекеттік кірістер органдарына міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ), міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) бойынша, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша қарызды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі тіркелген инкассалық өкім негізінде өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жеке тұлғалардың тізімін ұсынуды қарастыратын ұқсас өзгерістер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген.

Екінші деңгейдегі банктермен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен ақпарат ұсыну туралы

Салық кодексінің 24 бабы 19) тармақшамен толықтырылған, соған сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органның сұрау салуы бойынша салық төлеушілер – тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беруге міндетті.

Салық төлеушілердің тізімі және санаты, ақпарат ұсыну тәртібі, нысаны және мерзімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті органмен анықталады. (ҚР Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы «Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы» №1451 бұйрығы). Сұрау салынатын салық төлеушілер тізімі құқықтық актмен бекітілетін болады – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI Қазақстан Республикасының Заңы

281-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды:

Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу.

281-баптың 1-бөлігі диспозициясы жаңа редакцияда жазылды:

1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияларды тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау.

281-баптың 2-1 бөлігі дспозициясы жаңа редакцияда жазылды:

2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу.

281-баптың 5-бөлігінің 2) тармақшасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталды:

5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналымы шарттарын:

...

2) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы.

282-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды:

Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу.

282-баптың 1-бөлігі диспозициясы жаңа редакцияда жазылды:

1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған декларацияны ұсынбау не уақтылы ұсынбау.

282-баптың 2-1-бөлігі диспозициясы жаңа редакцияда жазылды:

2-1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған декларацияда этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

282-баптың 3-бөлігінің 7) тармақшасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталды:

3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және оларды тасымалдау шарттарын:

...

7) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы және оларды тасымалдау түрінде жасалған бұзушылық.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V ҚРЗ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

Жаңа 283-1-бап қолданысқа енгізілді.

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу

1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің, темекі бұйымдарының, биоотынның айналымы, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын ауыстыру –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы №342 Қазақстан Республикасы Заңымен келесідей өзгертулер енгізілді:

         91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау:

екінші бөлік "салымшылар туралы мәлiметтердi" деген сөздерден кейін, "шартты зейнетақы шоттары туралы мәліметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы бөлікте:

1) тармақша "міндетті зейнетақы жарналары," деген сөздерден кейін "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары," деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақша "міндетті зейнетақы жарналарының," деген сөздерден кейін "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының," деген сөздермен,

3) тармақша "міндетті зейнетақы жарналарын," деген сөздерден кейін "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын," деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақшадағы ", міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

"4-1) жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға есептелген (есепке жазылған) және аударылған жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;";

5) тармақша "міндетті зейнетақы жарналарын," деген сөздерден кейін "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын," деген сөздермен толықтырылсын;

жетінші бөліктің екінші абзацы "міндетті зейнетақы жарналарының," деген сөздерден кейін "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының," деген сөздермен толықтырылсын;

сегізінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары "міндетті зейнетақы жарналары," деген сөздерден кейін "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары," деген сөздермен толықтырылсын;

ескертпе "міндетті зейнетақы жарналарының," деген сөздерден кейін "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының," деген сөздермен толықтырылсын.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №300 Қазақстан Республикасы Заңымен келесідей өзгертулер енгізілді (2020 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енеді):

205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы немесе толық төлемеу

1. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы төлемеу -

ескерту жасауға алып келеді.

2. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық төлемеу-

жеке тұлғаларға - орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

жеке тұлғаларға - орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

425-бап. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді бұзу

1.Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық-

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

464-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу

464 баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«лицензиядан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу

542-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Тауарларды қайта өңдеу тәртібін бұзу, яғни егер кедендік рәсім, тауарларды қайта өңдеу тәртібі мен мерзімдері, қайта өңдеу өнімдерінің шығу мөлшері, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргізу шарттарына сәйкес мұндай құжат міндетті болса, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта қамтылған шарттарды сақтамау.

543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау

543-бапта бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.;

үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары

720-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөлік терінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (бұл бұзушылықтарға салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551, 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 571-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіздегі өткізу пункттерінде және тауарларды өткізудің өзге де орындарында жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 334, 377 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөлік терінде), 571-1, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 612 (бірінші бөлігінде), 621 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді де қарайды.

741-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар

741-баптың бірінші бөлігінде:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

8) мыналар:

салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган растаған, салық төлеушінің салықтық есептілік нысандарын электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені орындамауына әкеп соққан;

мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;

этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;

темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;

биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, биоотын айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

8-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен орындалмауына әкеп соққан, электрондық нысанда декларациялау бойынша ақпараттық жүйенің жұмысында қателер туындаған жағдайда;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

9) «Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

743-бап. Хабардар ету (хабарлама)

743-баптың 4-1-бөлігінің 3) тармақшасындағы «табыс еткен жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады.» деген сөздер «табыс еткен;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

4) айыппұл төлеу қажеттігі туралы өзінің атына шығарылған нұсқамалар туралы хабарламаларды алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көлік құралының меншік иесі (иесі) көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабар жеткізілген жағдайда, тиісінше жеткізілді деп танылады.

804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар

804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармағы мынадай редакцияда жазылсын.

«31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 283-1, 357, 398, 462, 463, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (1-1-бөлігі), 532 (екінші бөлігі), 543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 679-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 425 (екінші бөлігі) - бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша).

897-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі

897-бапта бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (табыс еткен), мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама немесе хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

1-1. Әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 266, 275 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 278 (екінші және үшінші бөліктерінде), 279 (бірінші бөлігінде), 280, 282 (бесінші бөлігінде), 537, 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.

         «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ).

Конституциялық Заңға өзгерістер мен толытырулар 2020 жылдың 11 қаңтарынан енгізіледі.

Конституциялық Заңның 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына  Орталық қатысушыларын Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалатын басқа да қаржылық қызметтерді көрсетуден түскен табыстары бойынша КТС мен ҚҚС-нан босату бөлігінде нақтылау енгізілді.

Сондай-ақ, Конституциялық Заңның 6-бабы жаңа тармақпен толықтырылды:

Мыналар:

1)  Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде бюджет қаражатын алуы;

2)  Орталық органдарының бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған ақшаны Орталық әкімшілігінен алуы ҚҚС салынатын өткізу бойынша айналым болып табылмайды (8-1-тармақ)..

Бұдан басқа, 6-бап жаңа 8-3-тармағымен толықтырылды, соған сәйкес Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер, егер Орталықтың органдарына және (немесе) олардың ұйымдарына жұмыстар орындалса және қызметтер көрсетілсе, бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.

Сонымен бірге, өтпелі ережелер қарастырылған. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін Орталық актілерінде айқындалған қаржылық қызметтер көрсетуден алынған кірістерге, егер Орталықтың қатысушылары осындай қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға лизензияны Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін  қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісі қолданысқа енгізілгенге дейін алса, 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін корпоративтік табыс салығын төлеуден босату қолданылады.

Осы хат мәлімет үшін және жұмыста қолдану үшін жолданады. Бұл ретте қабылданған нормалардың әр қилы мерзімдеріне назар аударуға қажет.