Date of publication: 22.07.2016 19:01
Date of changing: 22.07.2016 19:05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2016 жылғы 21-22 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде кеден блогына жетекшілік ететін облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басшылар орынбасарларының, «Достық» кедені басшысының, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының Кедендік ресімдеу орталықтары басшыларының қатысуымен ағымдағы жылдың І-жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша және 2016 жылдың 2-жартыжылдығына арналған міндеттер туралы есепті кеңес өтті.

Бірінші күні, аталған іс-шараның шеңберінде кеден блогына жетекшілік ететін МКД және «Достық» кедені басшыларының орынбасарлары өткен кезең ішіндегі өз департаменттері қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есеп берді.

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметінің кеден бағыты бойынша ағымдағы жылғы 1-жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларының сұрақтары қаралды.

Сондай-ақ аумақтық МКД өкілдерімен өткен аталған кеңесте Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі жобасының шеңберінде және негізгі кедендік бақылауды кедендік тазарту кезеңінен тауарлар шығарылғаннан кейінгі кезеңге ауысу мәселелерінің жаңа енгізулері талқыланды.

Екінші күні, Астана қаласы бойынша МКД-ның жаңа Кедендік ресімдеу орталығы жұмысының тұсаукесері өтті, онда АSYCUDA World платформасында әзірленген жаңа интеграцияланған «АСТАНА-1» Автоматтандырылған кедендік және салықтық әкімшілендіру жүйесі көрсетілді, МКД басшыларының орынбасарлары және КРО басшылары тестілеу режимінде тауарларға арналған декларацияны өз бетімен толтырып көрді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі