ҚҚС басқару есебін енгізу арқылы ҚҚС әкімшілігінің жаңа әдісі туралы ақпарат
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен «Жаңғырту 3.0» жобасы шеңберінде «Blockchain технологиясын пайдалану арқылы ҚҚС әкімшілендіру» бастамасын жүзеге асыру бойынша, ҚҚС әкімшілендірумен байланысты бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған жұмыс атқарылуда, соның ішінде:
-
экспорттаушыларға ҚҚС қайтару рәсімінің күрделілігі;
-
ел ішінде сатуды жүзеге асыратын компаниялар үшін ҚҚС өтеу мүмкін еместігі;
-
ҚҚС жинаудың шамалы деңгейі.