Question: 
Апостилді сенімхатқа қою бойынша
Answer: 

 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Кірістер комитеті  апостилді сенімхатқа қою бойынша өз құзыреті шегінде келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Салық заңнамасының бейрезиденттерді салық төлеушi ретінде кірістер басқармаларына тiркеудің ерекшеліктері (Салық кодексінің 76 бабы) және бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар (Салық кодексінің 675 бабы) бейрезиденттің салықтық қарым-қатынастарының өкілдігі реттелгендігі анықталмайды.

Салықтық қатынастарда өкілдік ету Салық кодексінің 16 бабына сәйкес, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.

Сонымен қатар, салық төлеуші (салық агенті) - жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, нотариус куәландырған немесе оған теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 1105 бабына сәйкес, сенiмхаттың нысаны мен қолданылу мерзiмi осы сенiмхат берiлген елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда сенiмхат Қазақстан Республикасы құқықтарының талаптарын қанағаттандырса, оны нысаны сақталмауының салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды.

Осыған орай, сенiмхат шет елден толтырылып, берілгенімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес болуы қажет.

Сонымен қатар, шет ел аумағындағы жасалған құжаттармен мәмілені реттеу үшiн Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдардың нормаларын сақтау қажет.

Конвенцияға қатысты, шет елдің арнайы құжаттарын талап етуін керек етпейтін легализация (Гаага қаласы, 5.10.1961 жылы) заңды көмек беру және азаматтарға заңды қарым қатынаста отбасылық, қылмыстық істерге қатысты конвенциясында көрссетілгенін хабарлай келе, Ресей федерациясының резиденті апостилді сенімхатқа қою бойынша іс шарасын  (Гаага қаласы, 5.10.1961 жылы) шет елдің нотариусының мөрі және қолы, бар құжатты тиісті мемлекеттік мекемеге Конвенцияның жағдайына сәйкес беруге құқылы.

Кишиневтық конвенция заңды көмек беру және азаматтарға заңды қарым қатынаста отбасылық және қылмыстық істерге қатысты Әділет мекемелер арасындағы келісім болып табылады.

Осыған орай, Кишиневтық конвенция нерезиденттерден құзыретті мекемелерден көрсетілген құжаттар берілуі тиіс, легализациясыз заңды көмек беру және азаматтарға заңды қарым қатынаста отбасылық және қылмыстық істерге қатысты апостилді қою салықтық қарымқатынаста қолданылмайды.