Жарияланған күні: 03.03.2022 15:49
Өзгертілген күні: 13.04.2024 10:28

 

Өздеріңізге белгілі, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларация енгізілді.

Жалпыға бірдей декларацияның негізгі мақсаты:

  • әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
  • жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
  • сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардан активтер мен міндеттемелер туралы «бастапқы» декларацияны тапсыруды талап етеді (250.00 нысан).

Кейіннен табыс пен мүлік туралы декларация жыл сайын ұсынылады (270.00 нысаны).

Осылайша, бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «бастапқы» активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды.

Екінші кезеңде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың жұбайлары табыс етті.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап  декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) табыстайды.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың басқа санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және т.б.) табыс ететін болады.

Декларацияны тұрғылықты жеріңіз бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыру қажет.

Декларацияны «Салық төлеуші ​​кабинеті» (kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» веб-порталы, eSalyq Azamat, Halyk, Центркредит Банкі (БЦК) мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште қолма-қол кірістер органдарына барып және халыққа қызмет көрсету орталығына немесе пошта арқылы жолдап тапсыруға болады.

 

«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы Декларация» салық есептілігін толтыру жөніндегі бейне нұсқаулық (Сен 270.00)

https://www.youtube.com/watch?v=yO53JwkdVMs