ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті  «Атамекен»  ҰКП-мен бірге, азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған  «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқанын жалғастырып жатыр.

Науқанға қатысу үшін чектерді қабылдау ағымдағы жылдың 21 мамырынан  30 қарашасына дейінгі мерзімде жүргізіледі.

2018 жылдың 21 мамырынан  17қыркүйектегі дейнгі мерзімде науқанда қатысушы ретінде 1 162 791 чек жіберген 16 671 жеке тұлға тіркелгеніне мәлімет үшін назар аударамыз.

Науқанда «Wipon» тегін мобильді қосымшасы арқылы бақылау-касса машинасының фискалды чегін жіберу жолымен тауар, жұмыс және қызметті сатып алуды растаған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алатынын еске саламыз. Көрсетілген «Wipon» тегін мобильді қосымшасын Apple App store және Google Play market-тен жүктеп алу қажет.

Сонымен, «Wipon» мобильді қосымшасы «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» науқанына қатысуға ғана емес, сондай-ақ фискалды чекті бермеген жағдайда арыз беруге мүмкіндік береді.