Жарияланған күні: 26.11.2014 01:01
Өзгертілген күні: 11.05.2016 11:15

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының

    2014 жылғы «30» 12 желтоқсандағы

№_145_ бұйрығымен бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарын перспективті дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған моделі

 

Қазақстанның стратегиялық мақсаты әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік басқару жүйесінің бөлігі ретінде көрсетілген мақсатқа жету үшін келісілген және үйлестіруші шараларды қабылдауға міндетті. Қаблыданған шараларды іске асыру кезінде басты тапсырма бизнес-қоғамдастықпен сенім және серіктестік болып табылады.

Біз мақсатқа жету индикаторларымен – Дүниежүзілік банктің бизнесі халықаралық индекстер бәсекеге қабілеттілігінің оңтайлы динамикасын (СЭФ ЖБИ, «Doing Business») және МКК клиенттерінің қанағаттанушылық көрсеткіштерін (сұрастыру нәтижелерін) анықтаймыз.

Болашаққа көз қарас

Мемлекеттік кірістер органы – еркін халықаралық сауда және өз еркімен салық пен төлемдерді төлеу үшін жағдай жасаушы, Республиканың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, басқарудың жоғары тиімді жүйесімен клиентке бағытталған қызмет.

Құндылықтар

1.       Патриоттық.

Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауды, Қазақстан азаматтарының амандығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз ету.

2.       Кәсіптілік.

Жұмыстың кәсіби дағдыларын арттыру, жаңа білімді алуға ұмтылу, заманауи ақпараттық технологияларды және жұмыстың жоғары тиімді әдістерін қолдану.

3.       Адалдық.

Жұмысқа адал мән аудару, оны жетілдіру туралы объективті пікір, өз міндеттерін орындауда сатылмайтын және мінсіз.

4.       Әділеттілігі.

Шешімді қабылдау кезінде тәсілдерді барлық тарапта, объективті және қасақана емес қамтамасыз ету, әрбір клиентке жоғары деңгейде мемлекеттік қызметті көрсету.

5.       Әдептілік.

Әрбір клиентке сыйпайы және мұқият тыңдаудан көрінетін іскерлік этикасын сақтау, мінез-құлығында әдептілікті көрсету.

Мақсаттар

1.       Кедергілерді қысқарту, сыртқы сауданы әкімшілдендіруді жақсарту және  кедендік шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолымен сауданы ынталандыру;

2.       Салықты, алымдарды және басқада міндетті төлемдердің түсімін толықтырумен қамтамасыз ету;

3.       «Көлеңкелік» экономиканы азайту бойынша тиімді шараларды қабылдау;

4.       Мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен қоғамның қанағаттануын арттыру.

 

Тапсырмалар

1.       Кедергісіз сыртқы сауда қызметі мен кедендік шекара қауіпсіздігінің қажетті деңгейі арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету;

2.       Бизнеске әкімшілік жүктемелерді азайтуға бағытталған салықтық, кедендік және басқа заңнамаларды ырықтандыру және оңтайландыру;

3.       Мемлекеттік кірістер органдармен клиенттер электрондық өзара іс қимылды бірыңғай технологиялық алаңда перспективада биімдеумен қолда бар ақпараттық жүйелерді жаңғырту;

4.       «Көлеңкелі» экономикаға қарсы күрестің алдын алу бойынша тиімді жұмыспен қамтамасыз ету, бұл ретте «көлеңкелі» бизнеске ресми кәсіпкерлердің қатысуын болдырмау жолымен;

5.       Құқықтық және техникалық жағдай жасау жолымен клиенттерге міндеттерді өз еркімен орындауға мүмкіндік туғызатын мемлекеттік қызметті ұсыну саласын жетілдіру;

6.       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды қамтамасыз ететін мотив және бақылау жүйесін құру, кадрлық мүмкіндіктерді одан әрі дамытумен персоналдардың мәдениетін жоғарлату және қоғам үшін сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

7.       Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарттың құрылымдарымен шешім қабылдау рәсімдерін жетілдіру;

8.       Ынтымақтастық халықаралық институттарына және өңірлік экономикалық бірлестіктерге белсенді қатысуын қамтамасыз ету, бизнес-қоғамдастығымен ақпараттық өзара іс қимыл жасау.