Жарияланған күні: 29.04.2015 21:14
Өзгертілген күні: 19.02.2016 17:23

 

Ақшаны жария ету бойынша науқан екі жаққа да жария етуші азаматтарға да, ел экономикасы үшін де тиімді.

Көбі білетіндей, жария етудің жақсы жақтарының бірі, атап айтқанда, ол ақшаға қатысты, жария етілген ақша кіріс болып танылмайды да оларға салық жүгі түспейді.

Осылайша, өзіңізге берілген ақшаны жария ету құқығын пайдаланып, сіз өзіңіз үшін жария етілетін ақша сомасынан он пайызды үнемдей аласыз.

Әрине, сіз қарсылық білдіріп, сізге сол он пайызды төлеу бойынша міндеттеме жүктелетіні туралы айтуыңыз мүмкін, бірақ мен сізбен бұл жерде келіспеймін, себебі заң шығарушы алымды төлеу бойынша жеңілдіктер көздеген.

Яғни, егер сіз ақшаны, жария ету мақсаты үшін ашылатын жеке банк шотына аударымдар (ақша) енгізу жолымен жариялаған болсаңыз, онда 10% алым бюджетке төленбейді. Жария ету үшін алым шетелдегі мүлікті, сондай-ақ шетелдегі, немесе Қазақстандағы ақшаны жария еткен, бірақ оларды жеке банк шотына орналастырмаған жағдайда төленеді.

Сондай-ақ мүлікті жария етуді өткізу табыстылығының факторы осы науқан барысында алынған мәліметтер құпиялылығын сақтау болып табылады. Осындай ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кепілдендірілді. Банктік, салықтық және қызметтік құпияны сақтау ескеріледі.