Жарияланған күні: 29.04.2015 20:40
Өзгертілген күні: 19.02.2016 17:19

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»     Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңы  мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Осылайша, мүлікті жария ету қолда бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл алда тұрған жалпыға ортақ декларациялауға енгізумен байланысты,  азаматқа кейін оны  декларацияда саспай көрсетуі үшін мүлкін қазір жария етуге құқық беріледі. Екіншіден, шетелде орналасқан мүлікті жария ету үшін мемлекет бюджетіне жария етілетін мүліктің құнынан  10% көлемінде жария етілгені үшін алым түседі.

Сонымен бірге, 2006 жылғы жария етуден айырмашылығы - заңды тұлғалар алдағы тұрған жария ету субъектілері болып табылмайтындығын  атап өткен жөн. 

Бұдан басқа, жария етілген мүлікті ресімдеумен байланысты барлық шығыстарды  жария ету  субъектілері өздері көтереді.

Сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын жылжымалы мүлік пен жер учаскелерінің  жария ету құқығының болмауы кезекті айырмашылығы болып табылады.         

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған үйлерді (құрылыстар, ғимараттарды) жария ету шартының бірі жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетіні болып табылатындығына назар аударған жөн.

Осы аталғандардың бәрі алдағы мүлікті жария ету науқаны тәртібінің, шарттарының, субъектілер, объектілердің бұдан бұрын өткізілгендерден айқын айырмашылықтарын көрсетеді.

Осылайша, алдағы мүлікті жария ету науқанының нәтижелері алға қойылған міндеттерге қол жеткізеді және тиісінше, жария етілген капитал ретінде  экономикаға қосымша ресурстар тартады деп санаймыз.