Жарияланған күні: 29.04.2015 21:10
Өзгертілген күні: 19.02.2016 17:31

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға Мемлекет басшысымен  2014 жылғы 30 маусымда  қол қойылғаны бізге мәлім, ол 2014 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілді.

Бірінші кезекте, мүлікті жария ету дегеніміз табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет. Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде  экономикаға қосымша қаражатты тарту оның басты мақсаты болып табылады. Науқан бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

Осы науқанға қатысуға заңмен белгіленген тәртіпте мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасы азаматтарының,  оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың құқығы бар.

Сондай-ақ, Жария ету туралы Заңмен жария етуге жататын мүлікпен қатар, жария етуге жатпайтын да мүліктің барынша толық түсінігі белгіленген.

Атап айтқанда, Заң Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі мүлікті жария етуге мүмкіндік беретінін назар аудару қажет деп санаймыз.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылатындығын атап өткен жөн.