- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 22.05.2020 16:07
Өзгертілген күні: 20.01.2022 17:07
2020 жылға арналған мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау бойынша оқу жоспарын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына, «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік мекемелерінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының м.а. 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығын орындау үшін, 2020 жылға арналған мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау бойынша іс-шараларын өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинарларын өткізу жоспары;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымы Өңірлік оқу орталығының халықаралық іс-шараларды өткізу жоспары;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Өңірлік салық орталығының халықаралық іс-шараларды өткізу жоспары;
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес алғашқы рет қабылданған лауазымды тұлғаларды кәсіби дайындау курсының оқу-тақырыптық жоспары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау бойынша жұмысын ұйымдастыру.
3. Персоналды басқару және ұйымдастыру-қаржылық жұмыс департаментінің Ұйымдастыру - бақылау басқармаcы (Кабдуакасов А.Ы.) осы бұйрықты Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары басшыларының назарына жеткізсін.
4. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының басшылары сеніп тапсырылған бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына және кәсіби даярлықтан өтуіне қатысуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Персоналды басқару және ұйымдастыру-қаржылық жұмысы департаментінің директоры Б.О. Слямовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға М. Сұлтанғазиев