Жарияланған күні: 10.10.2019 10:45
Өзгертілген күні: 26.12.2023 18:21

Салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API-сервис

 

Құрметті салық төлеушілер, Сіздер үшін салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API-сервис қолжетімді.

API-сервис келесі сервистерді қамтиды:

* Салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу қызметі (сервис кілті – SONO_FNO_SEND);

* Хабарлама алу және салық есептілігі нысандарын өңдеу мәртебесін алу сервисі (Сервис кілті – SONO_FNO_GET_STATUS).

 

Осы қызметтерге қосылу үшін мүдделі тұлғалар Smart Bridge порталында авторлануы қажет.

Сервистар бөлімінде қажетті сервисті табу немесе сервис бетіне тікелей сілтеме бойынша өту:

•          Салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу сервисі – https://sb.egov.kz/smart-bridge/services/passport/KGD-S-0363

•          Хабарлама алу және салық есептілігі нысандарын өңдеу мәртебесін алу сервисі – https://sb.egov.kz/smart-bridge/services/passport/KGD-S-0362

Сервистің ашылған бетіндегі "Қосылу" батырмасын басу және нұсқаулыққа сәйкес сервиске қосылу үшін өтінімді рәсімдеу.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 Бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы Салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API сервисімен сыртқы ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру жүзеге асырылады".

API-сервиске қосылу жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ құжаттамалар жинақталған бума: техникалық талаптардың сипаттамасы, WSDL және сервистердің XSD схемалары, жауаптар үлгілері және т. б. жүктеу үшін төменде :