Сұрақ: 
<p><strong><em>Меншік құқығындағы мұрагерлік пәтерді сату кезінде құнын уәкілетті органда тіркеген күннен бастап бір жыл өткенде анықтау кезінде мен нарықтық құнын қолдануға құқығым бар ма?</em></strong></p>
Жауап: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)  331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері мынадай мүлікті өткізген кезде туындайды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 118-бабы 2-тармағына сәйкес егер Азаматтық кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу кезі деп өтініш берілген кез, ал электрондық тіркеу кезінде - жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жөнелту арқылы тіркеуші органның құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растаған кезі танылады.

Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 331-бабының 6-тармағына сәйкес жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген жағдайларда (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда), мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 331-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа да жағдайларда, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны, құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, жеке тұлға егер меншік құқығында тіркелген мұрагерлік пәтерді меншік құқығын тіркеген күннен бастап бір жылдан кем уақыт өткенде сатқан кезде құн өсімі пайда болады. Мұраланған үйді сатудан түскен құнның өсуі мұраланған үйді сатудың бағасы (құны) мен мұраланған үйге меншік құқығының күніндегі нарықтық құны арасындағы оң айырма болады, ол декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей жасалуы керек. Егер нарықтық баға мұрагерлік үйге меншік құқығы туындаған немесе нарықтық құны болмаған күнде анықталмаса, құн өсімінен түсетін пайда осы үйдің сату бағасы (құны) мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның мүлік салығын есептеу үшін анықталған құнының арасындағы оң айырма болады.