Сұрақ: 
<p>Іске асыру орны қалай анықталады?</p>
Жауап: 

Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы Хаттамасының  Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 18 қосымшасының 28, 29-тармақтарына сәйкес, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар салу аумағы жұмыстарды, қызметтерді (осы Хаттаманың 31-тармағында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) өткізу орны болып танылатын мүше мемлекетте жүзеге асырылады.

Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық базасы, жанама салықтардың мөлшерлемелері, оларды салу тәртібі мен салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату), егер осы бөлімде өзгеше белгіленбесе, аумағы жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.

Мүше мемлекеттің аумағы, егер:

1) жұмыстар, қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағындағы жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.

Осы тармақшаның ережесі жылжымайтын мүлікті жалға алу, жалға беру және өзге де негіздерде пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге қатысты да қолданылады;

2) жұмыстар, қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағындағы жылжымалы мүлікпен, көлік құралдарымен тікелей байланысты болса;

3) мәдениет, өнер, оқыту (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағында көрсетілсе;

4) осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі:

консультациялық, заң, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызметтерді, ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;

ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды және дерекқорларды (есептеуіш техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдерін) әзірлеу, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды бейімдеу және түрлендіру, сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды, қызметтерді;

егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істеген жағдайда, персонал беру жөніндегі қызметтерді сатып алса жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.

Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ:

патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқа біреуге беру;

көлік құралдарын жалға беруді, олардың лизингін және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, оның лизингі және өзге де негіздерде пайдалануға беру;

осы тармақшада көзделген жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушы үшін өзінің атынан тартатын тұлғаның не шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан басқа тұлғаның қызмет көрсетуі кезінде қолданылады;

5) егер осы тармақтың 1 - 4-тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.

Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизинг және өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.