Жарияланған күні: 31.12.2019 14:38
Өзгертілген күні: 31.12.2019 14:40

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) келесіні хабарлайды.

        2019 жылғы 31 желтоқсан және 2020 жылғы 4 қаңтар аралығында «ОСДШ» МКК-ның ақпараттық жүйесінде х86 жаңа платформасына көшу бойынша жұмыстар регламенттелетін жүргізіледі.

         Осыған байланысты көрсетілген уақыт кезеңінде ОСДШ АЖ сервистері (жеке шот карточкасы, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, артық (қате) төленген сомаларды есепке алуды немесе қайтаруды жүргізу), API – сервистер қолжетімді емес болады.

       API-сервистерді пайдалану үшін таңбалардың қолданылу мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатынын қосымша хабарлаймыз және 2020 жылға белгіні алу үшін МКК-не өтінім беру қажет.

        Бұл ретте, API-сервистер бойынша әзірлеушінің жаңартылған жиынтықтары МКК порталында (www.kgd.gov.kz) қолжетімді.

         Жоғары айтылғандарды МКК көрсеттілген ақпаратты барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізуді сұрайды.