Жарияланған күні: 30.07.2020 14:54
Өзгертілген күні: 30.07.2020 16:33

Құрметті МКК «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасының пайдаланушылары!

ҚР ҚМ МКК салық есептілігі нысандарын қабылдау кезінде СТК тұрақты жұмыс істеуін және жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін «Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» сервистерін шағын тәуелсіз архитектураға ауыстыру бөлігінде пысықтау жүргізілді.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 30 шілдеде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 19.00-ден бастап 21.00-ке дейінгі уақыт аралығында аталған сервис, 2020 жылғы 30 шілдеде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 20.00-ден бастап 21.00-ке дейінгі уақыт аралығында СТК қолжетімді болмайтынын назарларыңызға салады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!