Жарияланған күні: 07.06.2022 16:01
Өзгертілген күні: 07.06.2022 16:25

АҢДАТПА!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тікелей эфирі: «2021 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу».

2022 жылғы 08 маусым сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК YouTube арнасында тікелей эфирде kgd.gov.kz) «2021 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғалардың активтері мен берешектерін әкімшілендіру басқармасының басшысының орынбасары Отар Олжас Асанкелдіұлы сөз сөйлейді.

Спикер жеке тұлғалардан 2021 жылға мүлік салығын төлеу, төлеушілерді төлеу мерзімдері туралы, сондай-ақ салық міндеттемесін мерзімінде орындамауды қамтамасыз ету шаралары туралы айтып береді.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz