Жарияланған күні: 16.01.2024 11:28
Өзгертілген күні: 16.01.2024 11:37

       2023 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың еліміздің шоғырландырылған бюджетіне салықтық түсімдері 10,6 трлн. теңгені құрады.

       Салық бақылауында 5 183 жер қойнауын пайдаланушы бар, олардың салық түсімдері республикалық бюджеттің 35 пайызын және Ұлттық қордың 100 пайызын қамтамасыз етеді.

       2023 жылғы салықтық бақылау нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан 561 млрд. теңге өндірілді.

        Бұдан басқа, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілетін металдарға пайдалы қазбаларды өндiру салығының ставкаларын ұлғайту нәтижесінде бюджетке шамамен 160 млрд. теңге түсті.

        Қазіргі уақытта табиғи рентаны әділ алу мақсатында елімізде өндірілетін басқа да қатты пайдалы қазбалардың әлемдік бағалары мен конъюнктурасына талдау жүргізілуде.

        Сондай-ақ трансферттік баға белгілеуді, сондай-ақ капиталды шығаруды бақылау шараларын күшейту шеңберінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшылары қолдаған трансферттік баға белгілеу туралы Заңға түзетулер әзірленді.

        Аталған түзетулер әлемдік және отандық тәжірибені ескере отырып әзірленді және халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттің шығындарын болдырмауға бағытталған.

       Заң жобасы Парламент Мәжілісінде талқылануда.

       Сондай-ақ, 2023 жылы ЭЫДҰ сарапшылары іс-сапармен келді, олар Қазақстанның халықаралық және ішкі құқықтық базасы ақпаратпен жұмыс істеу кезінде құпиялылық талаптарының сақталуына жеткілікті кепілдік беретінін атап өтті.