Жарияланған күні: 04.03.2019 10:52
Өзгертілген күні: 18.03.2019 12:01

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Алматы қаласында «Blockchain технологиясын қолдануымен ҚҚС-н қайтарудың жаңа механизмін енгізу» тақырыбында семинар өткізілді

 

2019 жылдың 28 ақпанында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қолдауымен «Blockchain технологиясын қолдануымен ҚҚС-ң бақылау шотынан ҚҚС-н салық төлеушілермен пайдалану кезінде ҚҚС-н қайтарудың жаңа механизмін енгізу» мәселесі бойынша салық төлеушілермен семинар өткізді.

Салықты жинау жүйесінде Blockchain технологиясын пайдалану – төртінші өндірістік революцияның бір жаңашылығы. Жалпы, сандық технологиялар салықтық және кедендік салаларды дамытуға күшті импульс береді. Жаңа жылдан бастап қосымша құн салығын әкімшілендірудің жаңа әдістерін енгізу үшін Blockchain технологиясын енгізіледі. Бұл ірі салық төлеушілердің, сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдерінің уақыты мен қаражаттарын үнемдейді.

Семинарды өткізуге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Ұлттық банкінің қызметкерлері, «Электронды есеп-шоттар», «Виртуалды қойма» АЖ-н жоба әзірлеушілерінің өкілдері, «1С-Рейтинг» ЖШС-ң, ЮНКТАД Бірлескен Ұлттар Қоғамы кеңсесінің өкілдері, және де 1 300-ден астам салық төлеушілер, кедендік, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша СЭҚҚ (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) өкілдері қатысты.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Тынысбеков Асқар Станиславович семинарды аша отырып, кіріспе сөз сөйледі, қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырды және семинар қатысушыларын таныстырды.

ҚР ҚМ МКК Өтпелі мониторинг басқармасы басшысы Гарифолла Досмагамбетов өзінің сөз сөйлеуінде  Blockchain технологиясын енгізудің негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарын атап өтті.

ҚР ҚМ МКК Өтпелі мониторинг басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Маткулова «ҚҚС-ң бақылау шотынан ҚҚС-н салық төлеушілермен пайдалану кезінде ҚҚС-н қайтарудың ерекшеліктері» тақырыбымен сөз сөйледі. Ол салық төлеушілерді ҚҚС әкімшілендірудің жаңа әдістерімен және Blockchain ҚҚС АЖ-де салық төлеушілердің жұмысымен толық таныстырды, сонымен қатар, ҚҚС-н қайтару туралы талаптарды беру тәртібі туралы сұрақтарға жауап берді.

ЮНКТАД Бірлескен Ұлттар Қоғамы кеңсесінің координаторы Умиткуль Губашева «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде мәліметтерді беру тәртібі мен тауарларды электронды кедендік декларациялауға толығымен тоқталды. «АСТАНА-1» АЖ-ң жұмысының іске қосылғанын айтты, және де осы бағдарламаның сыртқы экономикалық қызметтердің қатысулары үшін де, кедендік операциялармен айналысатын тұлғалар үшін де артықшылықтарын атап өтті. «АСТАНА-1» АЖ-нен «Blockchain-ҚҚС» АЖ-не ақпараттарды беру тәртібін, оның ішінде эскпортталған тауарларға электронды кедендік декларациялар бойынша (оның ішінде тауарларды экспорттау кезінде ЕЭО-ң шекарасын өту фактісі туралы); импортталған тауарларға электронды кедендік декларациялар бойынша, кедендік органдарының белгілерінен кейін шетелдік әуе кемелеріне жанармай құю кезінде аэропорттармен рәсімделген «Шығыс ордері» бойынша, АЭА аумағына кіргізілген тауарларға кедендік декларациялар / «Тауар тізімі» бойынша түсіндірді.

Сонымен қатар, семинарды жүргізу кезінде келесі сұрақтар бойынша тақырыптар баяндалды:

  • «Электронды есеп-шоттар» АЖ және ҚҚС-ң бақылау шотын салық төлеушілердің пайдалануы кезінде тауарларды есепке алу бөлігінде «Виртуалды қойманың» функциясы;
  • 1-С салық төлеушілердің есептік жүйесінде операцияларды рәсімдеуі: ҚҚС бақылау шотын қолданған кездегі бухгалтерия;
  • Еуразиялық Кеңес елдерінде арнайы ҚҚС-ң шотын ҚҚС салық төлеушілерінің қолдануы арқылы ҚҚС сомасы және тауарларға келісім бойынша бөлінген төлем ді қолдану бойынша халықаралық тәжірибе.
  • Қазақстан бойынша орналасқан екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде (филиалдарында) ҚҚС-ң бақылау шотын ашу тәртібі.

Сонымен қатар, 27.02.2019 жылдан бастап, салық төлеушілер және СЭҚҚ (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) семинарді жүргізу үшін арнайы топ құрылған «WhatsApp» мессенджері көмегімен оларды толғандыратын сұрақтарды жібере алды. 

Семинарды жүргізу кезінде спикерлермен «WhatsApp» мессенджерінің көмегімен салық төлеушілер мен СЭҚҚ (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) семинар кезінде және одан бұрын түскен сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Жалпы семинар салық төлеушілер мен СЭҚҚ (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) үшін түсінікті, конструктивті түрде жүргізілді.

 

ҚР ҚР МКК Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)