Жарияланған күні: 25.11.2022 18:01
Өзгертілген күні: 25.11.2022 18:02

Бүгін, 2022 жылдың 25 қарашасында, Алматы қаласында Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығымен ұйымдастырылған «Бейрезиденттерге салық салудың өзекті мәселелері. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында конференция өтті.

Шараға бизнес-қауымдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Конференция барысында келесі өзекті тақырыптар қозғалды:

- кедендік әкімшілендіруді жетілдіру шаралары;

- кедендік әкімшілендіруде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;

- кедендік инфрақұрылымды жаңғырту;

- тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі;

- тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары.

Конференция барысында спикерлер бизнес-қауымдастық өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Соңында ҚР Қаржы вице-министрі Е.Біржанов БАҚ өкілдеріне баспасөз-конференциясын өткізді.