Жарияланған күні: 20.03.2018 18:12
Өзгертілген күні: 20.03.2018 18:12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі кедендік әкімшілендіру

рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік берді

 

2017 жылғы 1 қазанынан бастап, «АСТАНА-1» АЖ-де «Кедендік транзит» кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді, бұл кедендік операциялардың шекарадағы өткізу бекетінде жасалуын қамтамасыз етеді: тауарлардың транзитімен байланысты алдын-ала ақпарат беру, бақылаудық технакалық құралдарын қолдану, басқа мемлекеттік органдардың бақылауы, кедендік рәсімдер.

«Кедендік транзит» кіші жүйесі еш ақаусыз жұмыс жасап келеді және жүйені пайдаланушылар тарапынан оң бағасын алып отыр.

Қазіргі уақытта, 168 442 транзиттік декларациялар рәсімделіп, тауарлардың салмағы 4 млн. тонна құрады, көлік құралдарының  саны 176 мың бірлікті құрады. Кедендік рәсімдеудің орташа уақыты 4 есеге дейін қысқарды (63-тен 16,5 минутқа дейін). 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау»  кіші жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді. Жүйеде 17 847 тауарларға арналған декларациялар рәсімделді және шығарылды (99,3% жүйемен автоматты түрде шығарылған), тауардың жалпы салмағы 40 млн. тонна, жалпы құны 21 млн АҚШ долларын құрады.

17 730 декларация жүйемен автоматты түрде шығарылды, ал 117 декларация кедендік бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді бағалау жүйесімен іріктеліп алынған.

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап қалған кедендік рәсімдер бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйелерін тәжірибелік пайдалануға енгізу, сондай-ақ интеграциялық  ақпарат алмасу бойынша жұмыстарды аяқтау  жоспарланған.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен СЭҚ қатысушыларымен бірлесе отырып, қалған рәсімдерді тестілеу бойынша жұмыстар ұдайы жүргізіліп келеді. Tеlegram әлеуметтік желісінде чат құрылды, онда барлық тілектер мен ұсынымдар назардан тыс қалмайды, ал проблемалық мәселелер арнайы құрылған жұмыс тобының сарапшыларымен жедел түрде өңделеді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)