Жарияланған күні: 26.04.2022 11:57
Өзгертілген күні: 26.04.2022 12:19

2022 жылғы 22 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) және Дүниежүзілік кеден ұйымының контейнерлік тасымалдарды бақылау жөніндегі (КТББ) жаһандық бағдарламасының жаһандық бағдарламасы шеңберінде Ташкент қаласындағы Ислам Каримов атындағы Халықаралық әуежайдың «Авиаюклар» кеден бекетінде авиатасымалдарды бақылау жөніндегі топтың (АТБТ) ресми ашылуы өтті. Топ құрамына Мемлекеттік кеден комитетінің, Ташкент халықаралық әуежайының өкілдері кіреді. Бұл - Ташкент халықаралық әуежайы базасында КТББ аясында құрылған Орталық Азиядағы авиатасымалдарды бақылау жөніндегі екінші топ. 

Рәсім барысында БҰҰ ЕҚБ бағдарламасы шеңберінде сатып алынған компьютерлік жабдықтар мен тексеру құралдары тапсырылды.

Іс-шарада Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қ.К. Жұмағұлов онлайн байланыс режимінде құттықтау сөз сөйледі.

КТББ аймақтық сегментін (Әуе тасымалы бағдарламасы) Жапония мен Америка Құрама Штаттарының үкіметтері, соның ішінде Есірткі мен құқық қорғау қызметіне байланысты халықаралық мәселелер жөніндегі бюро және Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы қаржыландырады.