Жарияланған күні: 03.02.2022 21:49
Өзгертілген күні: 03.02.2022 21:51

Мемлекет Басшысының тапсырмасына орай әзірленген Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығына қатысты заң жобалары ашық нормативтік-құқықтық актілердің порталында 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашық талқыланады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

 

Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы (бұдан әрі – Жобалар) әзірленді.

Бұл Жобалар http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 2 ақпанында орналастырылған. Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13983794

Жобаларды жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың 23 ақпанына дейін.