Жарияланған күні: 03.02.2022 21:29
Өзгертілген күні: 03.02.2022 21:30

Мемлекет Басшысының тапсырмасына орай әзірленген Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығына қатысты бірқатар заң жобаларының тұжырымдамалары ашық нормативтік-құқықтық актілердің порталында 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашық талқыланады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы жобасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасына тұжырымдамалар жобалары (бұдан әрі – Жобалар) әзірленді.

Бұл Жобалар http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 2 ақпанында орналастырылған. Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13982751

Жобаларды жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың 23 ақпанына дейін.