Жарияланған күні: 11.04.2018 17:53
Өзгертілген күні: 11.04.2018 17:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Тері бұйымдарын таңбалау

 

Бүгін, 11 сәуір күні Мемлекеттік кірістер комитетімен «Тері бұйымдарын таңбалау» бойынша Астана қаласының сауда орталықтарында пресс-рейд жүргізілді және БАҚ-ң қатысуымен брифинг ұйымдастырылды.

2016 жылғы 29 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауарлық позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімді жүзеге асыру шеңберінде, 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап, тері бұйымдарын таңбалау жүйесі іске қосылды.

Пилоттық жобаны іске қосу үшін тиісті ақпараттық жүйе дайындалып қажетті нормативтік құқық актілер қабылданды.

Мыналар:

  1. тұтынушы үшін – сатып алатын тауар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету, контрафактілік өнімнен қорғау;
  2. кәсіпкерлер үшін – бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдайды теңестіру, нарықты заңсыз өнімдерден қорғау және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау;
  3. мемлекет үшін – көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және бюджетке салықтардың түсімін арттыру таңбалау мақсаты болып табылады.

Таңбалауға заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер өндірген немесе әкелген СЭҚ ТН 4303 тауарлық позициясы бойынша жіктелетін қара қүзен, саз құндыз, ақ түлкі немесе қызыл түлкі, үй қояны немесе қоян, жанат, қой, өзге (терінің басқа түрлерінен) жасалған қиімдер жатады.

Жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін әкелінген тері бұйымдары бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбаланбайды.

РФ және БР тәжірибесі оң нәтиже бергенін көрсетті, мәселен Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясында таңбалау жүйесі қолданыста болған бірінші жылда (2016 жылдың тамызынан бастап 2017 жылғы шілдеге дейін) тері бұйымдарының заңды айналымы 2015-2016 жж. ұқсас мерзімде 7 есе (1,1 млн. астам данаға дейін) өсті. Бұл ретте Беларусь Республикасына және Ресей Федерациясына қарастырылып отырған кезең ішінде тері бұйымдарының декларацияланған импорты 1,5 есеге дейін (346 мың данаға дейін) өсті.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)