Жарияланған күні: 01.03.2018 17:53
Өзгертілген күні: 01.03.2018 17:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІНІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылғы заңнамалық өзгерістер: Салықтық тексерулер

 

Бүгін а.ж. 1 наурызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Салықтық аудит басқармасының басшысы Мусин Мұратбек және басқарманың бас сарапшысы Жарқынбаев Русланның қатысуымен «2018 жылғы заңнамалық өзгерістер: Салықтық тексерулер» тақырыбында брифинг өтті. 

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінде оның жұжырымдамасын жақсарту үшін салықтық тексеру түрлері (кешендік, тақырыптық, қарсы және хронометраждық зерттеулер) нысандарға өзгертілді. Салықтық тексерулердің түрлері ішінара салықтық тексеру және жоспардан тыс салықтық тексеру болып белгіленіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен сәйкестендірілді.  

Салықтық тексерулерді жүргізу рәсімдерінің ашықтығы мақсатында жаңа Салық кодексінде салықтық тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органынының лауазымды тұлғаларының және салық төлеушінің (салық агентінің) құқығын және міндеттерін белгілейтін жаңа 155 және 156-баптар енгізілді.

Жаңа Салық кодексі шеңберінде салықтық тексерулер санын төмендетуге бағытталған шаралар қарастырылған, атап айтқанда:

- жоспардан тыс салықтық тексерулер негіздері қайта қарастырылған (32 –ден 12-ге немесе 62 %).

 Жаңа Салық кодексімен бизнес-қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып, тақырыптық салықтық тексеруді немесе хронометраждық зерттеуді салық төлеушінің тіркеу мәліметінде көрсетілген орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде тағайындау белгіленген, сондай-ақ қарсы тексеруді тағайындау заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен белгіленуде;

- аудиторлық ұйымдармен заңды тұлғаларды тарату немесе дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату кезінде салықтар бойынша аудит жүргізу үшін жағдайлар жақсартылды. (салықтар бойынша аудит жүргізу үшін таратылатын салық төлеушінің ЖЖТ бойынша шегі 150 000 АЕК дейін ұлғайтылды, аудиторлық ұйымдарға қатысты салықтыр бойынша аудиторлық қорытындыны дұрыс емес жасағаны үшін лицензиядан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылық жойылды);

- жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғалар қызметі (адвокаттар, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) салықтық тексерулер жүргізусіз тоқтатылатын болады (камералды бақылау негізінде).

Берілген жаңа енгізулер салықтық тексерулерді қысқартуға және салықтық тексеру жүргізу бойынша салықтық дауларды азайтуға бағытталған.

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)