Жарияланған күні: 05.04.2018 17:20
Өзгертілген күні: 05.04.2018 17:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 Бүгін  а.ж. 5 сәуірінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Д.Қ.Құсайынова және басқарманың бас сарапшысы Қ.Ж.Әлін қатысуымен «Тауарлармен электрондық сауданы салықтандыру» тақырыбында брифинг өткізілді.

Құсайынова Д.Қ. өз сөзінде 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Жаңа Салық кодексімен, қызметтің жекелеген түрлеріне - тауарлармен электрондық саудаға және белгіленген талаптарды орындауға міндетті салық төлеушілер үшін есептелген табыс салығының 100%-ға азайту түрінде салықтық жеңілдіктер көзделгендігін атап өтті.

Осы мақсатта жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық саудамен айналысуға ниеттенген салық төлеуші қызметтің басталуы туралы хабарламаны жердегі МКО торабындағы тауарлардың электрондық саудасының субъектісі ретінде хабарлауы тиіс, ал болашақта ол келесі шарттарды сақтауға міндетті:

-                  тауарлар үшін есептесу қолма-қол емес тәсілімен жасалу қажет;

-                  шарт онлайн-режимінде жасалуға тиіс;

-                  өзіндік жеткізу қызметі немесе, тауарларды тасымалдауды жіберуді жүзеге асыратын тұлғамен келісім-шарт болуы тиіс.

 Бұл ретте, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасы теріс бағамдық айырма сомасынан асып кету сомасын ескере отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен кірістер заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан не жеке кәсіпкердің салық кезеңіндегі жиынтық табысынан кемінде 90 пайызды құрауы үшін салықтық жеңілдіктер алу қажет.

Осы шарттарды сақтамаған кезде салық төлеуші жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес. Тауарлар электрондық саудасы мәселелеріне қатысты Салық кодексінің нормаларын іске асыру мақсатында, Қаржы министрлігімен (бұдан әрі - ҚМ) жылдың басынан бастап, тауарлармен электрондық саудасының салықтық әкімшілендіру мәселелерін реттейтін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 3 бұйрығы бекітілді және тіркелді.

 Анықтама.

• электрондық сауда шеңберінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды және жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаларымен мәліметтерді ұсыну мәселелерін реттейтін 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 ҚР ҚМ бұйрығы;

• электрондық сауда шеңберінде салық төлеушілермен жүзеге асырылған шарттар жөнінде мәліметтерді ұсыну мәселелерін реттейтін 2018 жылғы 16 ақпандағы № 222 ҚР ҚМ бұйрығы;

• электрондық екінші деңгейдегі банкілермен және банкілік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен сауда саласында сатып алынған тауар үшін төлеу туралы мәліметтерді ұсыну мәселелерін реттейтін 2018 жылғы 20 ақпандағы № 249 ҚР ҚМ бұйрығы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сіздерге барлық қажетті ақпараттар мен құжаттар Мемлекеттік кіріс комитетінің веб-сайтында «Тауарлармен Электрондық сауда» қойындысында орналастырылғаны туралы хабарлаймыз.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз - қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)