Жарияланған күні: 21.11.2019 11:41
Өзгертілген күні: 21.11.2019 12:24

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Цифрлық экономиканың ТМД-ға мүше мемлекеттердегі салық салу жүйесінің дамуына әсері

 

2019 жылғы 20 қарашада Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Салық қызметі басшыларының Үйлестіру кеңесінің XXVI отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы қатысты.

Ресей Федерациясы Үкіметінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрі А.Г. Силуанов мырза мен Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Салық мәселелері департаменті директорының орынбасары Хуан Торо мырза құттықтау сөз сөйледі.

СҚБҮК 18 жыл бойы ТМД мүше мемлекеттердің салық қызметтерінің қызметін үйлестіру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін тиімді алаң болып табылады. Басшылардың  кездесуі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша сессия форматында, әр мәселе бойынша жеке пікір алмасумен өтті.

Талқылаудың басты тақырыптарының бірі «Цифрлық экономиканың ТМД мүше мемлекеттердегі салық салу жүйесінің дамуына әсері» болды. Цифрлық экономика бұл бүгінде бизнес дамып келе жатқан шындық, digital технологиялар экономиканың барлық салаларындағы компаниялардың қызметіне терең енуде. Қатысушылар мұның салыққа қалай әсер ететінін және жақын арада бұл салада қандай өзгерістер болатынын талқылады.

МКК төрағасы Марат Сұлтанғазиев салық қызметі жұмысында Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту туралы баяндама жасады.

Еуразиялық кеңістіктегі байланыстарды кеңейту және аймақтық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Латвия, Литва, Эстония және Грузия салық әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропалық салықтық әкімшілендіру ұйымы, Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры бақылаушылар ретінде шақырылды.

Отырыстың соңында тараптар ТМД-ға мүше мемлекеттердің салық қызметі арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамытудың маңызды алаңы болып табылатын Үйлестіру кеңесі шеңберінде кездесулер өткізудің маңыздылығы аталып өтілді.